No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

15 қыркүйекке дейін табысы мен мүлкі туралы декларацияны кімдер тапсырады?

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде, яғни былтыр, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған тұлғалар 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсына бастады.

02.08.2022
Kazbusiness, Жаңалықтар
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ол азаматтарға мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілгендер, банк және сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушылары, сондай-ақ аталған тұлғалардың жұбайлары жатады. Мемлекеттік кірістер комитетінде декларацияны толық емес немесе кешіктіріп тапсырудың салдары қандай екенін түсіндірді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінде егер бастапқы салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе, онда салық органдары бірінші рет ескертумен шектелетіні белгіленген («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272-бабының 1-тармағы). Ескерту жасалғаннан кейін жеке тұлға тарапынан бір жыл ішінде қайталап бұзушылық орын алған жағдайда – он бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл бүгінгі күні 45 945 теңгені құрайды (ӘҚБтК-нің 272-бабының 2-тармағы).

Егер декларацияда салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге әкеп соқпайтын толық емес, дұрыс емес мәліметтер қамтылса, онда салық органдары да бірінші рет ескертумен шектеледі (ӘҚБтК-нің 275-бабының 2-1-тармағы). Ескертуден кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үш АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ӘҚБтК-тің 275-бабының 2-2-тармағы).

Салықтарды есептеуге әкеп соғатын салық салу объектілерін жасырған жағдайда, жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде (ӘҚБтК-тің 275-бабының 1- тармағы) және егер мұндай бұзушылық қайталанса, үш жүз пайыз мөлшерінде айыппұл көзделген (ӘҚБтК-тің 275-бабының 2 тармағы).

Бұл шара, егер жеке тұлғалар хабарлама берген кезде салық міндеттемелерін орындамаса және салықтық тексеру жүргізілсе қолданылады. Бұзушылықты өз бетінше жою кезінде айыппұлдар салынбайды. Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдарға қатысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға, шоттар (салымдар) ашуға және иеленуге тыйым салынғанын еске саламыз («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ 12-бабы).

Көрсетілген міндеттемелерді орындамау олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады. Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қағаз түрінде 15 шілдеден кешіктірмей, ал электрондық түрде 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыруға болатынын еске саламыз.

Байланысты Материалдар

Сіздің балконыңызға немесе палубаңызға сәйкес келетін күн панельдері АҚШ-та тартылуда – AP News

17.08.2025

Қазынашылықтан кейін күн қоры қарқынды күштіректер Таза энергия салығы бойынша несиелік ережелер – Yahoo Finance

17.08.2025

Трамптың ең жақсы еңбек статистикасы үшін 1 даулы идеялар – Washington Post

17.08.2025

Tesla, rivian және басқалары біз АҚШ-тың шығыстардағы миллиардтағанын көреді, өйткені біз АҚШ-тың ресми түрде шығарындылары шығарындылары болып табылады – Electrek

17.08.2025

Сэм Альтман Чатгптпен сөйлескенде, адамзатпен сөйлескенде, сымды

17.08.2025

Трамптың жартылай өткізгіштігі үшін 300% -ы жартылай өткізгіш тарифтер, Intel қоспағанда, чиптік қорлармен салыстырылады.Міне, неге – Инвестопедия

17.08.2025

Ұсынылатын материалдар

Amazon Zoox Robotaxi зауытын көбейе бастайды, өйткені ол RUMMO – AP News

19.06.2025

Қазақстан халқының саны 19 миллион 854 мың адамға жетті

02.06.2023

Теңге күшейіп, доллар әлсіреді ме?

07.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа