No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

15 қыркүйекке дейін табысы мен мүлкі туралы декларацияны кімдер тапсырады?

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде, яғни былтыр, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған тұлғалар 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсына бастады.

02.08.2022
Kazbusiness, Жаңалықтар
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ол азаматтарға мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілгендер, банк және сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушылары, сондай-ақ аталған тұлғалардың жұбайлары жатады. Мемлекеттік кірістер комитетінде декларацияны толық емес немесе кешіктіріп тапсырудың салдары қандай екенін түсіндірді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінде егер бастапқы салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе, онда салық органдары бірінші рет ескертумен шектелетіні белгіленген («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272-бабының 1-тармағы). Ескерту жасалғаннан кейін жеке тұлға тарапынан бір жыл ішінде қайталап бұзушылық орын алған жағдайда – он бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл бүгінгі күні 45 945 теңгені құрайды (ӘҚБтК-нің 272-бабының 2-тармағы).

Егер декларацияда салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге әкеп соқпайтын толық емес, дұрыс емес мәліметтер қамтылса, онда салық органдары да бірінші рет ескертумен шектеледі (ӘҚБтК-нің 275-бабының 2-1-тармағы). Ескертуден кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үш АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ӘҚБтК-тің 275-бабының 2-2-тармағы).

Салықтарды есептеуге әкеп соғатын салық салу объектілерін жасырған жағдайда, жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде (ӘҚБтК-тің 275-бабының 1- тармағы) және егер мұндай бұзушылық қайталанса, үш жүз пайыз мөлшерінде айыппұл көзделген (ӘҚБтК-тің 275-бабының 2 тармағы).

Бұл шара, егер жеке тұлғалар хабарлама берген кезде салық міндеттемелерін орындамаса және салықтық тексеру жүргізілсе қолданылады. Бұзушылықты өз бетінше жою кезінде айыппұлдар салынбайды. Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдарға қатысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға, шоттар (салымдар) ашуға және иеленуге тыйым салынғанын еске саламыз («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ 12-бабы).

Көрсетілген міндеттемелерді орындамау олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады. Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қағаз түрінде 15 шілдеден кешіктірмей, ал электрондық түрде 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыруға болатынын еске саламыз.

Байланысты Материалдар

Ресейдің экономика министрі елдің айтуынша, ел – Yahoo Finance Yahoo Finance

20.06.2025

Mega 16b парольдерін бұзу Крипто қауіпсіздік қорқынышын арттырады – Кокинтелрофа

20.06.2025

Трамп FRED STERSET-ті тұрақты түрде ұстағаннан кейін «кешікпей» -ге соғылды

20.06.2025

Чатгпе планета үшін керемет емес.Міне, AI-ді жауапкершілікпен пайдалану керек.- Washington Post

20.06.2025

Мереке жіңішкерленген сауда-саттықтағы фьючерстердің слипі – WSJ

20.06.2025

Майкрософт мыңдаған жұмыс орындарын бөледі.AI-дің еңбек нарығын қалай өзгерту керек.- Барронның

20.06.2025

Ұсынылатын материалдар

«Бент» зауытының тағы бір бағыты іске қосылды

21.10.2022

Соңғы бір айда банктер, бизнесмендер 11,3 млрд доллар сатып алды

13.10.2022

Жарнамалық құралдардың бірі визит картасын қалай толтыру қажет?

22.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа