No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

Онлайн жұмыс істейтіндерде салық төлеуге міндеттеледі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутаттарға Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды.

05.01.2023
Kazbusiness, Жаңалықтар
15
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Министр өз баяндамасында Қазақстандағы 5 әлеуметтік тәуекелдің алдын алуға бағытталған қолданыстағы сақтандыру жүйесі халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетінін атап өтті.

 

“Бұл жүйе сақталады, бірақ оның мақсатты міндеті өзгереді. Жүйе тек әлеуметтік төлемдер төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен ол азаматтарды формалды түрде жұмыспен қамтылуға ынталандыруды көздейтін болады”, – деді министр.

Осы мақсатта Салық кодексіне шағын бизнестің жалдамалы жұмыскерлері үшін бірыңғай міндетті төлемді енгізуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Олар үшін салықтық жүктеме келесі жылы 33 %-дан 20%-ға дейін төмендету қарастырылуда.

“Яндекс Такси, Glovo және басқа да онлайн платформалардың көмегімен  жұмыспен қамтылған азаматтар үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл ретте салық агенттері тарапынан онлайн платформалар операторларын айқындау ұсынылады, олар осында жұмыс істейтін азаматтар атынан тиісті төлемдерді жүргізеді”, – деді министр.

Бұдан бөлек, жұмыскерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандыратын жұмыс берушілер үшін  сақтандыру тарифтерін төмендету көзделеді. Мөлшерлеменің ең төменгі және ең жоғарғы дәрежесі белгіленеді және осы дәрежені таңдау өндірістегі жазатайым оқиғалар, жарақат алу және кәсіптік ауруларға қарай анықталады.

“Мөлшерлемені төмендету бойынша қабылданатын шаралар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайтумен қатар жүретін болады. Келесі жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға жарна төлеу мерзіміне сәйкес 6 айға дейін бұрынғы табысының 45% мөлшерінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемақы қарастырылған”, – деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Айта кететіні, заңнамаға “тәуелсіз жұмыскер” – яғни табыс әкелетін еңбекпен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға ұғымы енгізілген.

“Осындай жұмыскерлер қызметтерін онлайн платформалар офертасына қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы атқаратын болса, онда бұл жұмыскерлер ресми жұмыспен қамтылды деп танылады. Мысалы, Яндекс такси онлайн платформасына қосылған такси жүргізушілері, Glovo онлайн платформасына қосылған курьерлер осы санаттағы жұмыскерлер қатарына жатады.

Бұл жұмыскерлер үшін онлайн платформалардың операторларын салық агенттері ретінде анықтап, арнаулы салық режимдеріне сәйкес жұмыскерлердің пайдасына салық төлемдері мен әлеуметтік жарналарды аударып отыратын болады.

“Бұл жағдайда тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалы жұмыскерлер сияқты республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік қорлардан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы болады”, – деп хабарлады министр.

Ведомство басшысының хабарлауынша, егер “тәуелсіз жұмысшылар” үшін тиісті аударымдар болмаған жағдайда оларға заңдарда белгіленген ең төменгі мемлекеттік кепілдіктер ғана беріледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстанда 500 мыңға жуық адам түрлі онлайн-платформаларда жұмыс істейтінін атап өткен болатын.

Байланысты Материалдар

Solana ұшыруға 185 долларға дайындалады: ол мүмкін бе?- амбкрипто

14.07.2025

Марк Цукербергтің қолдауымен ИКОНИКТЫҢ ИКОНИКА ҚАНДАЙ БОЛАДЫ, Ультра бай меценаттарды бірге – CNBC

12.07.2025

Қабырға көшесі Тарифтік саясатты қосуы мүмкін – Axios

12.07.2025

Шынында да, әйнектен, AI итермелеп, 1 300 қызметкерден тұрады

12.07.2025

Леви Страусс FY25 Outlook Amid Q2 өнімділігін арттырады – Yahoo Finance

12.07.2025

Трамптың соққысы мен қорқыныш тарифтері өндірістік жұмыс орындарын шығармады – CNN

12.07.2025

Ұсынылатын материалдар

Өрт басталғанда Ильин Дубайда жүрді – министрлік түсініктеме берді

14.06.2023

Bel Monte Foods банкроттыққа арналған файлдар және сатып алушыны іздейді – CBS жаңалықтары

03.07.2025

Алаяқтықпен ұсталған генерал-майор Біләловтың тергеуі аяқталды

29.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа