No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

Қытаймен визасыз режим: Қазақстандықтар қандай жеңілдіктерге ие болады

12.05.2023
Kazbusiness, Әлеумет, Жаңалықтар
454
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Отандық кәсіпкерлер Қытаймен өзара визасыз режим енгізілгеннен кейін қолайлы перспективаларды болжап отыр. Ірі логистикалық компаниялар иелерінің пікірінше, жүктерді жеткізу процедурасын жеңілдету зақымдалған тауарларды әкелу тәуекелдерін жояды, бұл шетелдік өнімдердің қазіргі бағасын төмендетуге ықпал етеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Сыртқы істер министрлігі дайындаған қаулыға сәйкес екі ел азаматтары туризм, емделу, транзит немесе іскерлік кездесу мақсатында көрші елде 30 тәулікке дейін болса, виза талаптарынан босатылады.

Егер Қазақстан мен Қытай азаматы көрші елде белгіленген мерзімнен ұзағырақ қалғысы келсе, шекараны кесіп өткенге дейін визаға өтініш беруі қажет. Қаулы бойынша тараптардың бірі ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті немесе халықтың денсаулығын сақтау мақсатында елге кіру кезінде құжат беруден бас тартуға құқылы. Екі ел арасындағы келісімге осы жылдың мамырында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қытайға сапары кезінде қол қойылады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа шарт туралы алғашқылардың бірі болып шағын және орта бизнес өкілдері пікір білдірді.

«Бұл отандық бизнесті дамытуға үлкен мүмкіндік. Қытай бүгінде керемет көлемде сапалы әрі қымбат емес тауарлар ұсына алады. Бірақ белгілі бір тауарларды сатып алу үшін елге келіп, сапарға шығып, кәсіпкерлермен танысып, ең жақсы өнімді таңдау керек. Бұрын виза алу үшін 1 айдан 2 айға дейін уақыт кететін. Көбіне уақытты босқа ысырап қылмас үшін тек фотосуреттерге қарап кейбір өнімдерге тапсырыс беру ыңғайлы болатын», – деді кәсіпкер Керімжан Рүстемұлы.

Онлайн-тапсырыс кейде сапасыз өнімді жеткізуді ғана емес, сонымен бірге оның құнының түпкілікті өсуін де қамтиды, немесе мүлде тауарды алмау қаупі бар. Шағын және орта бизнес өкілдері атап өткендей, тасымалдау, «кедендік ресімдеу» және ақауы бар өнімдердің келуі кейіннен пайда табу мүмкіндігін жоққа шығарып қана қоймай, отандық компанияларды шығынға түсіріп келді.

«Визасыз режимнің басты артықшылықтарының бірі импорттық өнімнің өзіндік құнын төмендету перспективасы. Қытай Қазақстанда өндірілмейтін тауарларды шығарады, бірақ сонымен бірге бұл өнімдерге халықтың сұранысы жоғары. Мысалы, бизнесте табысты дамытып, пайда табу үшін және сатып алушыларға қолайлы бағанын ұсына алу үшін өндірушімен жеке кездесіп, партияны тексеріп, жеткізілімін бақылауым керек», – деді кәсіпкер Гүлия Ахмет.

Ірі бизнес өкілдері де визасыз режимді енгізуден экономикалық тиімділік көріп отыр. Кәсіпкерлердің айтуынша, шекаралық сауданы еркін әрі жылдам жүргізуге болады. Ал тауарларды жедел жеткізу бүлінген немесе ақауы бар өнімді импорттау тәуекелдерін жойып қана қоймай, бүкіл партияның құнын төмендетуге ықпал етеді.

«Қазір тиімділік пайда болады, яғни бұл визаны алу үшін бір ай күтудің қажеті жоқ, ешқандай рұқсат алудың қажеті жоқ. Мен билет сатып алып, ертең де ұшып кете аламын, яғни кез келген іскерлік кездесулер өте жылдам өтеді», – деді көлік компаниясының директоры Ерлан Құлтуманов.

Енді екі ел арасындағы халықаралық тасымалдауларда жүк көлігі жүргізушілері Қытайға өз көліктерімен еркін кіріп, жүк тиеу процесін толық бақылай алады.

Сондай-ақ депутат Айдос Сарым Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің оң тұстарын атап өтті.

«Егер біз өзіміздің қыздарымызға дұрыс тәрбие берсек, оларға дұрыс патриотизм мен мәдениетімізді бойына сіңірсек, онда ешкім ешқайда кетпейді. Жігіттермізге де осылай айтар едім. Қыздарымыздың бәрі қашып кететіндей төмен деңгейге түсіп кеткен жоқпыз. Бір жағынан қыздарымызға қорада тұрған мал сияқты қарамауымыз керек. Әр адамның таңдауы мен сана-сезімі бар. Оған мысал, әлеуметтік желіні оқып отырып, бір жазба көрдім. Онда Қытайда 18 млн бойдақ бар екен, ертең олар елімізге келіп, қазақтың қыздарын жапа-тармағай алып кететіні жөнінде жазылған. Меніңше, бұл қазақ қыздарын ақымақ көру. Ақмақтықтың шегі деп білемін. Біз кейде азаматтарымыздың жеке тұлға екенін, жеке ойы бар екенін ұмытып кетеміз. Қытай осы кезге дейін айтарлықтай көбейіп кеткен жоқ. Егер бұлай қорқынышпен өмір сүретін болсақ талай дүниеден айырылып қаламыз.

Қытай – кәріс те емес, орыс та емес. Қытай деген бөлек өркениет, өзге планета. Біз олардың тілі мен мәдениетін түсінбейміз. Қазіргі таңда нан мен астығымызды шығарып отырған дара еліміз. Үрейленетін ештеңе жоқ деп ойлаймын. Осы күнге дейін Қытай азаматтары Қазақстанға 14 күнге визасыз келе алатын еді. Одан елімізде қытай қаптап кеткен жоқ. Тіпті Қытаймен шекаралас аудандарда қытайлар қаптап, қақтығыстар болып жатқан жоқ», – деді ол.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 24 миллиард доллардан астам рекордтық көрсеткішке жетті. Мысалы, аспан асты еліне отандық өнімдердің экспорты үштен бірінен астамға өсті. Сол сияқты біздің елде де Қытай тауарларына сұраныс артып келеді. Отандық жетекші сарапшылар мен ірі бизнес өкілдерінің пікірінше, визалық режимді жеңілдету көрші мемлекеттің жүздеген миллиард доллар инвестициясының елге құйылуына түрткі болады.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматыдағы “Барыс-4” базары мемлекет меншігіне қайтарылды

04.10.2022

Шетелдік инвесторлар Қазақстанда екі жаңа зауыт ашады

03.05.2023
фото: ашық дереккөз

Көлік нөміріне тартымды әріптерді таңдауға рұқсат берілмек

02.07.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа