No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

Салық декларациясын тапсырмаған тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады

Өткен жылы жеке тұлғалар жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде, активтері мен міндеттемелері туралы ақпарды берген еді, ағымдағы жылы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыруды бастады.

13.07.2022
Kazbusiness
41
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Аталған декларацияны мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілгендер, банк және сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушылары, сондай-ақ аталған тұлғалардың жұбайлары өткізуге міндетті.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің айтуынша, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде егер бастапқы салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе, онда салық органдары бірінші рет ескертумен шектелетіні белгіленген («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272-бабының 1-тармағы). Алайда, ескерту жасалғаннан кейін жеке тұлға тарапынан бір жыл ішінде қайталап бұзушылық орын алған жағдайда – он бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл бүгінгі күні 45 945 теңгені құрайды (ӘҚБтК-нің 272-бабының 2-тармағы).

Сонымен қатар декларацияда салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге әкеп соқпайтын толық емес, дұрыс емес мәліметтер қамтылса, онда салық органдары да бірінші рет ескертумен шектеледі (ӘҚБтК-нің 275-бабының 2-1-тармағы). Ескертуден кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үш АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Салықтарды есептеуге әкеп соғатын салық салу объектілерін жасырған жағдайда, жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде (ӘҚБтК-тің 275-бабының 1- тармағы) және егер мұндай бұзушылық қайталанса, үш жүз пайыз мөлшерінде айыппұл көзделген (ӘҚБтК-тің 275-бабының 2 тармағы).

Айта кету керек, бұл шара, егер жеке тұлғалар хабарлама берген кезде салық міндеттемелерін орындамаса және салықтық тексеру жүргізілсе қолданылады. Бұзушылықты өз бетінше жою кезінде айыппұлдар салынбайды.

Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдарға қатысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға, шоттар (салымдар) ашуға және иеленуге тыйым салынғанын еске саламыз («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ 12-бабы).

Көрсетілген міндеттемелерді орындамау олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қағаз түрінде 15 шілдеден кешіктірмей, ал электрондық түрде 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыруға болатынын еске саламыз.

Салық есептіліктерін ұсыну және толтыру тәртібі туралы толық ақпаратты 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығынан, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтынан алуға болады.

Байланысты Материалдар

Мен 20+ жылмен саяхаттадым, және осы 16 премьер-министрлер – 8 доллардан – саяхат + демалыс

09.07.2025

Милан Бергамо әуежайы адам реактивті қозғалтқышқа түскеннен кейін 2 сағаттан жуады және өлтірілді – CBS жаңалықтары

09.07.2025

Уолл-стрит Дональд Трамптың тарифтік қаупіне қарамастан, АҚШ қорларында көбірек кедергі жасайды – Financial Times

09.07.2025

S & P 500 фьючерстері Трампты сатып алу уақыты ретінде тұрақты ұстады: базарлар – Bloomberg

09.07.2025

Қор нарығы 2025 жылғы 3 шілде: Dow RITS;Мықты жұмыс орындарының лифтілері базарлары – WSJ

05.07.2025

Ашибай Робиндіктердің «ашық шоспен» – Техниканы айыптайды

04.07.2025

Ұсынылатын материалдар

Пайдалы қаржылық 7 әдет

29.01.2023

Азық-түлік тапшылығы болмай ма: егіс науқаны қалай жүріп жатыр?

05.04.2023
фото: ашық дереккөз

Лагерьге бара жатып 13 жасар бала аяқ-асты қайтыс болды

07.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа