No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

“Яндекс.Такси” жыры: Қаскелеңдік жүргізушілер ереуілге шықты

18.05.2023
Kazbusiness, Жаңалықтар
240
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

“Яндекс.Такси” жүргізушілері Алматы облысы Қаскелең қаласында наразылыққа шықты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Бүгін Қаскелең қаласында “Яндекс.Такси” жүргізушілері наразылыққа шығып, сервистегі жұмыстарын тоқтатты. Жүргізушілер сервистің еш себепсіз жұмыс бонустарын қиып, комиссия пайызының тым жоғары екеніне қапалы. Kazbusiness.kz тілшісі ереуілге шыққан бір топ жүргізушілер тобымен кездесіп, олардың пікірін білді.

– “ЯндексPro” компаниясы 16 мамыр күні “Кепілдендірілген жұмыс бонусын” алып тастады. Содан кейін біз сервистің байланыс қызметіне жазып едік, ешқандай жауап ала алмадық. Қазір өте тиімсіз. Сосын бір айтарым – тым болмағанда 1 ай бұрын ескертпеді. Бір күнде бәрін ала салды, – дейді қаскелеңдік жүргізуші.

Сонымен қатар жүргізушілер жұмыс талаптары өзгермейтін болса, сервиске “байкот” жариялаймыз деп отыр.

БАҚ өкілдерінің сауалхатына берген ресми жауабында “ЯндексPro” компаниясы сервистің қалыпты жағдайды жұмыс істеп тұрғанын айтады.

“Сервис әдеттегідей жұмыс істеп тұр. Тарифтер мен комиссия өзгерген жоқ. Бізде серіктестер мен олардың жүргізушілеріне арналған мотивациялық бағдарламалар бар. Жақын күндері біз бағдарламалардың шарттарын жаңарттық. Жүргізушілер белгілі бір тапсырыстарды орындау арқылы орташа кірісті арттыруға мүмкіндік алды. Біз Қаскелеңдегі серіктестермен байланыстамыз, мотивациялық бағдарламалардың өзгеруі бойынша кері байланыс орнатып жатырмыз”, – делінген хабарламада.

“Яндекс.Такси” қызметінің бірнеше күнге тоқтауы қаскелеңдік тұрғындарға да кесірін тигізген. Тұрғындар қала ішінде жұмыс істейтін жалғыз сервис қызметіне жүгіне алмай отыр. Сондай-ақ қаскелеңдіктер такси қызметінің күрт қымбаттауына да наразы.

– Бұл жағдайдың қарапайым тұтынушы ретінде маған да кесірі тиіп жатыр. Қаскелең ішінде жақын жерге ешкім 350 теңгеге бармайды. Бірден 600-700 теңге боп кетті. “Яндекс” осы уақытқа дейін өз мүмкіндіктерін пайдаланып қаладағы басқа шағын такси қызметтерін ығыстырып тастады. Енді жалғыз сервис болғансын өз күшін пайдаланып отыр. Компания бұл жағдайды өзгертпесе, өздеріне де, тұтынушы бізге де жақсы емес, – дейді Қуандық есімді тұрғын.

Айта кеткен жөн, бұған кейін Талғар қаласында да “Яндекс.Такси” жүргізушілері жиналып, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне, сондай-ақ Алматы облысының монополияға қарсы комитетіне бейнеүндеу жолдаған болатын.

Байланысты Материалдар

Dow 300 ұпайға түседі, өйткені Трамп ЕО мен Apple-ге қарсы жаңа тарифтерге қауіп төндіреді: Live жаңартулары – CNBC

24.05.2025

Эксклюзивті |Үлкен банктер крипто әлеміне вентингке кіреді

24.05.2025

Ұлыбританияның сауда сатылымы сәуір айында 1,2% -ға өсті – ұрып-соғу – CNBC

24.05.2025

Инвесторлар АҚШ-тың облигациялар нарығынан бастап Дональд Трамптың саясатына деген қорқыныштан аулақ болады – Financial Times

24.05.2025

Bitcoin ашық қызығушылық танытады, биіктігі жоғары, өйткені BTC слиптері $ 111K – Кокинтелрофа

24.05.2025

Эксклюзивті |Ол «ERAS» турнирі жабылды.Қазір бұл 1 миллиард доллардан асады.- WSJ

22.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қаржы пирамидасын анықтаудың 6 белгісі

26.12.2022

Сұхбаттасу кезінде көңіл бөлетін 5 нәрсе қандай?

14.12.2022
Фото: видеодан скриншот

Әскерге сау кеткен сарбаз 8 айдан кейін ауруханадан бірақ шықты

26.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа