No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еліміздегі орташа жалақы 500 мың теңгені құрады

14.05.2023
Жаңалықтар
23
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бірінші несие бюросының (ПКБ) сарапшылары зерттеу жүргізіп, Қазақстан аймақтарындағы орташа жалақы құнын анықтады. Деректерге сай Атырау және Маңғыстау облыстарында жалақы 500 мың теңгеден аса көтерілген.

Зерттеуге сәйкес, Қазақстанның бес өңірінде жалақы орташа республикалық деңгейден жоғарылаған. Мәселен Атырау мен Маңғыстау облыстарында – 509,8 мың теңге, Ұлытауда – 450,9 мың теңге, ал Астанада – 432,2 мың теңге болса, Алматыда – 390,3 мың теңге көрсеткішті береді.

“Бір жылда республика бойынша орташа жалақы 55,2 мың теңгеге өсті. Тағы да айта кетейін, өсім тек бес облыста – Атырау, Маңғыстау (+93,6 мың), Шығыс Қазақстан (+60,3) облыстарында және Астана (+65,7) мен Алматы (+62,8) қалаларына республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары. Ал жалпы алғанда табыс көзі жоғары қалаларда жалақы да тез өсетіні белгілі болды. Ал жалақы төмен болған аймақтарда абсолютті өсім салыстырмалы түрде шамалы”, – дейді зерттеу.

Ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында – 241,1 мың теңге, Жетісуда – 246,2 мың, Жамбылда – 254,6 мың және Шымкентте – 254,2 мың теңге болды.

Бұған дейін “Атамекен” ҰКП-ның талдау қызметі Қазақстанда 2023 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы 340 636 теңгені құрағанын хабарлаған болатын.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 19,3 пайызға артқан.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша қаржы және сақтандыру қызметі саласы көшбасшы болды – қызметкерлердің орташа айлық жалақысы орта есеппен 602 114 теңгені құрады.

Үздік үштікке сонымен қатар 541 мың теңге жалақы алатын ақпарат және коммуникация саласының қызметкерлері мен 474 мың теңге өнеркәсіп саласының қызметкерлері енді.

Ең төменгі орташа айлық жалақы 179 мың теңге алатын ауыл, орман және балық шаруашылығы мамандары.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

80/20: Парето заңы туралы білесіз бе?

24.10.2022

Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлады

05.05.2023

Alibaba-ны 70 бизнес өкілі тегін қолдана алады: Gold Supplier 1 жылға беріледі

01.04.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа