No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

Жаңатұрмыстағы жер дауы: алаяқтық па, әлде ашылмаған ақиқат па?

19.05.2023
Kazbusiness, Жаңалықтар
232
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысының Қарасай ауданында бұрынғы «Каменский» асыл тұқымды шаруашылығының жерлері төңірегіндегі дау әлі басылмай тұр. Бұл мәселеде халық екіге бөлінген және әр топ өзінің құқығы тапталып жатқанын айтады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Бүгінгі Жаңатұрмыс ауылында кеңес дәуірінде құрылған «Каменский» асыл тұқымды шаруашылығы өзге кәсіпорындар секілді еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін иесіз қалған. Уақыт өте азаматтар біраз жылдар қараусыз жатқан шаруашылықтың жер учаскелерін Қарасай ауданының әкімшілігінен заңды түрде сатып алады. Алайда жер иелері ақша жұмсап алған учаскелерге енді үй салмақ болғанында, алдарынан бұл жерге өз құқықтарын талап еткен бір топ адам пайда болған. Екінші топ өздерін «Каменский» шаруашылығының бұрынғы жұмысшылары ретінде таныстырып, «пайщик» ретінде жерлерді бөліп беруді әкімдіктен талап етеді. Екі арада дау туып, адамдар әкімшілік алдын шағым-өтініштермен толтырған және бұл жерлер арестке алынған.

Бір қызығы «бұрынғы шаруашылық қызметкерлері» жұмыс өтілін растайтын ешқандай құжат не дәлел көрсете алмай отыр. Ал «Naqty» газетінің хабарлауынша, бұл алаяқтықтың кезекті механизмі болуы мүмкін. Басылым жер мәселесіндегі алаяқтық келесі сатылармен жүзеге асырылатынын көрсетеді:

  • Бастамашыл топ құрылып, өздерін «пайщик» ретінде таныстырады;
  • Сот алдын шағым-өтініштермен толтырады;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде шу шығарып, конституциялық және өзге де құқықтарының бұзылғаны туралы мәлімдейді;
  • Осы уақытта топ басшысының айтуымен өздеріне тиесілі емес жерлерді заңсыз иемденіп алады;

Басылым мұндай механизм бұрын да қолданылғанын айтады. 2017 жылы дәл осындай жолмен жер талап еткен бір топ адам сотталған. Істі болғандардың бірі 5 жылға сотталып, 60 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелсе, екіншісі 2 жыл шартты түрде сотталған және 10 сағат түзеу жұмыстар мен 3 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелген. Ал бұл оқиғадан 2 жыл бұрын Мадина Дадаева есімді әйел дәл осындай құйтырқы әрекетке барған.

Басылым осы жолы «бұрынғы жұмысшылар» тобын Лязат Жапашева басқаратынын және оның үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс тергеп жатқанын хабарлайды.

Лязат Жапашева

Дегенмен бастамашыл топ өкілдері 18 мамыр күні баспасөз-конференциясын ұйымдастырып, Л.Жапашеваны босатуды талап етті.

«Бүгінде бұрынғы жұмысшылардың біразы қайтыс болды. Бірақ олардың артында 20 жыл өз жерлерін күткен балалары бар. Лязат мұрағаттан көптеген құжаттарды жинаған болатын. Бірақ Қарасай ауданындағы мұрағат қандай да бір себептермен өртеніп кетті және көптеген «пайщиктердің» бүгінде құжаттар жоқ. Біз одан (Л.Жапашева) ешқашан бас тартпаймыз», – деп мәлімдеді Жапашева жақтастары orda.kz-ке берген жауабында.

Orda.kz фотосы

Айта кеткен жөн, бұл мәселе бойынша жерді заңды жолмен сатып алған азаматтар да бірнеше рет жиналып, әкімдік өкілдерімен кездескен. Kazbusiness.kz бұл жиындардың барысынан да бірнеше рет хабар таратты (материалдармен толығырақ танысу үшін https://www.youtube.com/watch?v=-JAunQN_-8c , https://www.instagram.com/tv/CraOEsYg5nY/?igshid=NjZiM2M3MzIxNA%3D%3D).

Жер иелері жиналыста екінші топтың «самозахват» жасап, дау тудырған жерлерге үй сала бастағанын мәлімдеген.

«Олар қазір салып алған үйінен шықпайды. Киіз үй тігіп, алабайын есік алдына қойып қойған. Ата-ана кіргізіп, от жағып қойған», – дейді азамат. Жиын қатысушыларының тағы бірі осы даудың кесірінен жалдамалы пәтерде жүргенін айтады.

«Мен қазір отбасыммен бірге жалдамалы пәтерде тұрамын. Осы учаскені сатып алып, алдымен уақытша тұрғылықты жер, содан кейін үй салғым келді. Барлық құжаттар менің қолымда. Мен адал адаммын, бірақ неге менің құқығымды ешкім қорғамайды?», – дейді ол.

Әкімшілік өкілдері жер иелеріне заңсыз құрылыс салынып, оның заңсыздығы дәлелденген жағдайда, үйлердің бұзылатынын мәлімдеді.

Kazbusiness.kz бұл мәселені ары қарай да назарда ұстайды.

Байланысты Материалдар

Қор нарығы 2025 жылғы 3 шілде: Dow RITS;Мықты жұмыс орындарының лифтілері базарлары – WSJ

05.07.2025

Ашибай Робиндіктердің «ашық шоспен» – Техниканы айыптайды

04.07.2025

Маусымдық көшелер күткендей, қор фьючерстері аз өзгерді

04.07.2025

U.s. Lifts чиптік бағдарламалық жасақтаманы Condow Trade Tuck – CNBC

04.07.2025

Tesla-дың сатылымдағы құлдырауы EV салығы бойынша болашаққа кіреді, өйткені Вашингтон Посты

04.07.2025

Джером Пауэлл: Трамп АҚШ-тың Орталық банкіне бірден кетуге шақырады – BBC

04.07.2025

Ұсынылатын материалдар

«Halyk» Түркияға аудырылған қаржылай көмектің көлемін 2 есеге арттырды

16.02.2023

Түркия Қазақстанға 1000 тонна жоғары сапалы мақта тұқымын береді

10.01.2023

Талдықорғандық кәсіпкерлер жалға беру бағасының күн сайын көтеріліп жатқанына наразы

23.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа