No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Алматыда кәсіпкерлерді қолдауға арналған жобалар бар

2022 жылы Алматы қаласында ШОБ-ты қолдауға арналған мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде 48,1 млрд.теңге бөлінді. Бұл бағдарламалардың бірқатары биыл да іске асады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

16.02.2023
Керек-дерек, Жаңалықтар
112
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы біздің кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдармалар жөнінде сұрауымызға жауап берді. Басқарманың ресми жауабында Алматы қаласында бизнесті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар іске асырылып жатқаны айтылған.

– «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жылдық 6% бойынша ең жоғары сомасы 3 млрд. теңгеге дейінгі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мүмкіндігі көзделген. Ұлттық жобаның өңірлік үйлестірушісі, яғни Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жыл сайын экономиканың басым салаларында шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтеусіз негізде 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізеді – деп хабарлайды қалалық басқарма.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, Алматы қаласының әкімдігі «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлеген. Осы бағдарлама шеңберінде «Almaty Finance» ЖШС және «Almaty «МҚҰ»» ЖШС компаниялары құрылып, онда 500 млн.теңгеге дейінгі сомада жылдық 2%, 6% және 12% жобаларды қаржыландырудың сараланған тәсілі қолданылады.

Оған қоса, Алматы қаласының әкімдігі «JANA BUSINESS» өңірлік бағдарламасын («Даму» кәсіпкерлік дамыту Қорымен бірлескен бағдарлама) іске асырып жатыр. Субъектілер үшін қарыз бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 6%-дан аспайды, қарыздың ең жоғары сомасы – 100 млн.теңге.

«Жалпы, 2022 жылы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар (Ұлттық жоба, Қарапайым заттар экономикасы, АӨК, «Алматы бизнес – 2025», «Жаңа бизнес») шеңберінде 48,1 млрд. теңге бюджет қаражаты бөлінді. Жалпы сомасы 131,5 млрд. теңгеге 3 448 ШОБ жобасы қаржыландырылды»а – делінген басқарма жауабында.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы кәсіпкерлерге консультациялық қызмет алу үшін келесі мекен-жайға баруды ұсынады:

«Кәсіпкерлер толық консультациялық қызметті тегін «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығынан, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 2 қабат мекенжайы бойынша ала алады».

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ұн бір жылда 41 пайызға қымбаттаған: сарапшылар пікірі қандай?

29.09.2022

Кредиттік келісімшартқа қол қоймас бұрын назар аударатын 12 шарт

18.12.2022

Аймақтық форум: Алматы облысында импорт айналымы 1 триллион 182,1 млрд теңгені құрады

15.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа