No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек дерек

Алматыда кәсіпкерлерді қолдауға арналған жобалар бар

2022 жылы Алматы қаласында ШОБ-ты қолдауға арналған мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде 48,1 млрд.теңге бөлінді. Бұл бағдарламалардың бірқатары биыл да іске асады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

16.02.2023
Керек дерек, Жаңалықтар
93
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы біздің кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдармалар жөнінде сұрауымызға жауап берді. Басқарманың ресми жауабында Алматы қаласында бизнесті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар іске асырылып жатқаны айтылған.

— «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жылдық 6% бойынша ең жоғары сомасы 3 млрд. теңгеге дейінгі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мүмкіндігі көзделген. Ұлттық жобаның өңірлік үйлестірушісі, яғни Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жыл сайын экономиканың басым салаларында шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтеусіз негізде 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізеді – деп хабарлайды қалалық басқарма.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, Алматы қаласының әкімдігі «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлеген. Осы бағдарлама шеңберінде «Almaty Finance» ЖШС және «Almaty «МҚҰ»» ЖШС компаниялары құрылып, онда 500 млн.теңгеге дейінгі сомада жылдық 2%, 6% және 12% жобаларды қаржыландырудың сараланған тәсілі қолданылады.

Оған қоса, Алматы қаласының әкімдігі «JANA BUSINESS» өңірлік бағдарламасын («Даму» кәсіпкерлік дамыту Қорымен бірлескен бағдарлама) іске асырып жатыр. Субъектілер үшін қарыз бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 6%-дан аспайды, қарыздың ең жоғары сомасы – 100 млн.теңге.

«Жалпы, 2022 жылы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар (Ұлттық жоба, Қарапайым заттар экономикасы, АӨК, «Алматы бизнес – 2025», «Жаңа бизнес») шеңберінде 48,1 млрд. теңге бюджет қаражаты бөлінді. Жалпы сомасы 131,5 млрд. теңгеге 3 448 ШОБ жобасы қаржыландырылды»а – делінген басқарма жауабында.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы кәсіпкерлерге консультациялық қызмет алу үшін келесі мекен-жайға баруды ұсынады:

«Кәсіпкерлер толық консультациялық қызметті тегін «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығынан, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 2 қабат мекенжайы бойынша ала алады».

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

 Forte активтері 2,6 трлн теңгені құрады.

07.11.2022

Жетісу облысында тауарлардың 94% — ы таңбалау тәртібі бойынша сәйкес келмейтіні анықталды

01.02.2023

“Тәуелсіздік ұрпақтары”. Әр саланың үздік жастарына 1 млн теңгенің сертификаты табысталды

23.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа