No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек дерек

Е-tutynushy.kz — тұтынушы құқығын қорғауға көмектеседі

14.03.2023
Керек дерек, Жаңалықтар
57
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Тұтынушылардың құқығын бұзу фактілері негізінен интернет-дүкендер арқылы тапсырыс берушілерде орын алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимырзаев айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

«Қазір тұтынушылар тауарларды интернет арқылы тапсырыс береді. Сонда тауарлар көбіне тапсырысқа сәйкес келмейді немесе ақшасын төлеп қойғаннан кейін тауар уақытылы жеткізілмейді. Сонымен қатар бүгінгі күні үй жиһаздарын жасау бойынша келісімшарт жасалады. Бірақ келісім-шартта уақыт көрсетілсе де, 6 ай, 9 ай, 1 жыл бойы қызмет толық көрсетілмейді. Осындай шағымдар Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне  жиі түседі», — деді Н.Бимырзаев.

Сондай-ақ Н.Бимырзаева айтуынша, өткен жылы алматылық тұтынушылардан Департаментке eOtinish қосымшасын пайдалана отырып, 1852 өтініш түскен. Оның 2287-і электронды құжат айналымы бірыңғай жүйесі бойынша, 435-і басқа мемлекеттік органдар мен Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінен қайта бағытталған.

2022 жылы 33 әкімшілік хаттама толтырылып, оның 14-і бойынша тексеру жүргізілді. Ескерту түрінде 27 айыппұл және 6-ы бойынша 50 АЕК және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Спикер тұтынушыларға, бизнес өкілдеріне және мемлекеттік органдарға ыңғайлы болу үшін 2021 жылдан бастап e-tutynushy.kz шағымдарды қабылдау және қараудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істей бастағанын хабарлады.

«Жүйенің мақсаты – тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі барлық шараларды бір жерге шоғырландыру, шағымдарды дайындау және оларды құзырлы органдарға жолдау рәсімдерін жеңілдету, сондай-ақ барлық өтініштер мен оларды қарау нәтижелерін цифрландыру», – деп бөлісті ол.

Брифинг барысында спикер тұтынушы өз құқығын қорғауы үшін не істеу керектігін де айтып өтті.

Тұтынушылар құқығын қорғау саласын жақсарту мақсатында екі жыл бұрын  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл маңызды қадам тұтынушылардың шағымдарын қараудың 3 сатылы механизмін (сатушы – мемлекеттік органдар – сот) іске қосуға, «мемлекеттік» және «қоғамдық» бақылауды енгізуге, кәсіби мамандар арасынан құқық қорғаушылардың тізімін қалыптастыруға көмектесті. Сонымен бірге, дау-дамайды сотқа дейінгі тәртіпте реттеу механизмі қаралды.

«Бірінші кезеңде сатушы сатып алушының талабын өз бетінше немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарын тарта отырып қарауға міндетті. Бұл шағымдарды осы жерде және қазір бейбіт жолмен шешуге болатын ең бірінші кезең. Үкіметтік емес ұйымдар бұл жағдайда дауды сотқа дейін реттеу субъектілері ретінде әрекет етеді. Екінші қадам мемлекеттің қатысуын қамтиды. Яғни, егер сатушы келіссөз жүргізгісі келмесе, шағым не Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне, не басқа мамандандырылған органға жіберіледі. Мысалы, егер сатушы таразыны бұрап жіберсе немесе интернет-дүкен тауарды жібермесе, бұл іс алаяқтық бойынша қаралады және ол Ішкі істер министрлігінің жұмыс саласы болып табылады», – деді спикер.

Департамент қызметкерінің айтуынша, кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдарға бұл мәселені мемлекетті қатыстырмай-ақ шешу мүмкіндігі беріледі. Сотқа шағымдану шағымды қараудың соңғы кезеңіне жатады.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Ауыл шаруашылығында Қазақстан-Қытай тауар айналымы 412,5 млн долларды құрады

16.09.2022

Алматы облысында 132 мың борышкер 3,9 млрд теңге берешек

27.06.2022

Америка бизнес әлемінің құпияға толы кәсіптерінің бірі Mars компаниясы қалай құрылды?

20.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа