No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Электронды ақша мен кошолектердің артықшылығы неде?

Интернеттің дамуымен бірге электронды ақшаны қолдану аясы да жыл санап кеңіп, осындай ақшаны пайдаланушылар саны артып келеді. Электронды ақша дегеніміз не? Электронды ақшаның кәдімгі күнделікті пайдаланатын ақшадан еш айырмашылығы жоқ. Бар айырмашылығы оны қолмен ұстап, қалтаңызға сала алмайсыз. Бірақ та электронда ақшаға қалаған затыңызды сатып алуыңызға, түрлі қызметтер үшін есеп айырысуыңызға, бір сөзбен айтқанда кәдімгі ақша сияқты пайдалануыңызға әбден болады.

09.01.2023
Керек-дерек, Жаңалықтар
150
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Электронды ақшаның артықшылықтары

Электронды ақша тек қана интернет желісінде қолданылады. Бүгінде әлімнің алдыңғы қатарлы елдері өз бизнестерін біртіндеп интернетке енгізіп жатыр. Мәселен, әлемдегі ең ірі корпорация саналатын валютамен сауда жасайтын Форехтің бір күнгі ақша айналымы 5 триллион долларды құрайды екен. Ал осы корпорацияның қызметін пайдаланушылардың 98 пайызы интернет кәсіпкерлер, яғни аталмыш корпорацияның жұмысы түгелге жуық интернет арқылы жүргізіледі.

Жыл өткен сайын интернет дүкендердің саны қаулап өсіп келеді. Сіз өзіңіз қалаған затыңызды еш қиналмай интернет дүкендерден таба аласыз және оның бағасы кәдімгі дүкендерге қарағанда едәуір арзан. Өйткені интернет дүкендер тауарды бірден өндірушіден алады.
«Кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді» деген сөз бар. Адамдардың көбі интернетке өзіне қажетті ақпаратты алу үшін кіреді. Осыған орай, инфобизнес деген интернет кәсіпкерліктің саласы қарқынды дамып келеді. Инфобизнесмендер дайындаған ақпарат тауарларын сататын интернет дүкендер көп.

Ал енді осы аталған интернет арқылы алғыңыз келген тауарыңызды сіз көбіне электронды ақшамен сатып аласыз. Электронды ақшаның бір артықшылығы, аударған сәтіңізде сатушының есеп шотына бірден түседі. Осыған орай, сатып алған туарыңызды да сіз көп уақыт өткізбей жедел аласыз. Яғни, электронды ақшамен сауда жасау жедел жүреді.

Электронды кошелектер

Электронда ақшамен сауда жасау үшін ең алдымен электронды кошелек ашып алуыңыз қажет. Қазір электронды кошелек дегендер өте көп. Мәселен, яндекс деньги, вебмани, кивикошелек, пейза, рвкмани, солидтраспей, окпей, т.б. Электронды кошелек ашудың еш қиындығы жоқ. Сіз қарапайым тіркелу шарасынан өтесіз де өз аккаунтыңызға ие боласыз және сізге есепшот беріледі. Міне, сол есепшотты пайдаланып, электронды ақшамен есеп айырысуыңызға болады.

Яндекс деньги, веьбмани, кивикошелектен сіз ресей рублімен, не доллармен есеп ашуыңызға болса, пейза, солидтраспей, окпей кошелектерінен тек шет елдік валютамен ғана есеп аша аласыз.
Электронды кошелекке қалай ақша салуға болады?

Оның да еш қиындығы жоқ. Мәселен, вебмани, яндекс деньги, кивикошелек сияқты кошелектерге үлкен қалалардың бәрінде қаптап кеткен терминалдар арқылы ақша толтыруыңызға болады. Бұл кәдімгі ұялы телефонға бірлік салу сияқты жүргізіледі. Тек терминалда аталмыш кошелкетер бар ма, жоқ па соны анықтап алуыңыз қажет.

Электронды кошелекке ақша салу кезінде терминалдың көрсеткен қызметі үшін салық төлеуіңіз керек. Ақшаны теңгемен саласыз, дегенмен, ақша қабылдар кезде доллардың немесе рубльдің теңге бағамы туралы ескертеді. Электронды кошелектерде валюта бағамы күнделікті айырбастау пункттеріндегі бағамнан өзгеше болады. Мәселен, вебмани бұрын доллар 150 теңге болып тұрған кезде 165 теңгеден есептейтін. Қазір доллар бағамы онан да жоғары өсті.

Электронды кошелектен ақшаны алу үшін интернеттегі айырбастау пункттерінің қызметін пайдаланасыз. Кивикошошелектен ақшаны кәдімгі виза немесе мастеркард кәртішкелері арқылы алып шығуға болады. Ол үшін кәртішкені кошелекке байлайсыз.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

СҚО өңірді өзі өндіретін құс етімен 100% қамтамасыз етуге дайын

16.01.2023

Бір жыл ішінде қант 87 пайызға қымбаттады

19.08.2022

Кредиттік тарихыңызда қателік кетсе не істеуге болады?

27.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа