No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Елімізде баланы мектепке беру үшін қанша ақша қажет?

08.07.2023
Керек-дерек
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кейбір қазақстандықтарға оқу жылына дайындық үшін үлкен қаржы қажет болады. Ranking.kz сарапшылары 2023 жылы баланы мектепке дайындау үшін қаншалықты көп қаражат керектігін айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Соңғы жылы Қазақстанда көптеген тауар мен қызметтің бағасы өскен болатын. Мектепке керек қажеттіліктер де қымбаттады. Сондықтан көптеген қазақстандық отбасы үшін баланы жаңа оқу жылына дайындау бұрынғыдан қарағанда қиындай түсті.

Сарапшылардың ақпаратынша, балалар аяқ-киімі мен кеңсе тауарлары басқа тауарларға қарағанда қымбатырақ. Мәселен, мамыр айының қорытындысы бойынша балаларға арналған киім – 18,7 пайызға, аяқ киім – 20,1 пайызға, жалпы кеңсе тауарлары – 67,5 пайызға қымбаттаған. Бұл ретте азық-түлікке жатпайтын тауарлардың орташа баға көрсеткіші 17,2 пайызды құрады.

Бағаның өсуін ескере отырып, сарапшылар баланың оқуына қажетті барлық нәрсені қамтитын тауарлар жиынтығын құрауды ұйғарып, оның қанша тұратынын есептеді.

“Мектепке қажетті негізгі талулар тізімінің ішіне мектеп формасы, күнделікті және спорттық аяқ киім, дене шынықтыруға арналған форма, ортопедиялық арқасы бар рюкзактар және кеңсе тауарларының жиынтығы кірді”, – деді сарапшылар.

Нәтижесінде 25 маусымдағы жағдай бойынша жалпы тауарлардың құны 100 мың теңгені құрады. Айта кетейік, оқушыға арналған тауарлар жиынтығы арзан не қымбат болуы да мүмкін, қазақстандықтарда оқушыға арналған арзанырақ тауарларды сатып алуға мүмкіндігі бар.

Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа табысы туралы мәліметтер де 100 мың теңге көптеген отбасының отбасылық бюджетіне ауырлық түсіретін қомақты қаражат екенін растайды. Қазақстандық отбасылардың шамамен 77,6 пайызының шығын көлемі 100 мың теңгеден аспайды.

Қазақстандық отбасылардың 15,6 пайызында ғана айына 100-ден 150 мың теңгеге дейін шығындалуға мүмкіндігі бар, ал 6,6 пайызы 150 мың теңгеден астам қаражат жұмсауға қауқарлы.

Бұл жағдайда көпбалалы отбасылар ерекше қиын жағдайда қалуы мүмкін екені белгілі болды. 4 және одан да көп баласы бар отбасылардың 4,2 пайызында ғана жан басына шаққандағы шығын көлемі айына 100 мың теңгені құрайды.

Алайда мектеп қажеттіліктерін мүлдем сатып алуға мүмкіндігі жоқ аз қамтылған отбасыларға “Всеобуч” қайырымдылық бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

Байланысты Материалдар

Көлік жүргізушілер назарына!

06.05.2024

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

18.04.2024

Регистрация рождения ребёнка: что нужно знать

20.03.2024

Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

20.03.2024

Неге жас журналисттердің IT сферасына бет бұрғаны жөн?

12.03.2024

Қант диабетінің симптомдары

08.03.2024

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан қор нарығында доллар арзандады

17.11.2022

Грузияда көлік 10-15%-ға қымбаттайды

30.12.2022

Салық кодексіне «тиісті сақтық» ұғымын енгізу ұсынылды

15.06.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа