Шағын бизнесті қалай бастау керек?
1.Бизнес идея. Өзіңізге ұнайтын бағыттарды қарастырып, қызықтырғанын таңдаңыз. Тұтынушыны қамтамасыз етуге толық дайын болуыңыз керек. Бәсекелестеріне көз жүгіртіп, бұл нарықта сізге орын табылатынын анықтаңыз.
2.Бизнес-жоспар құрамыз. Шағын бизнестің жоспары қалай жасалады? Ең басында шығындар мен табыстарды есептеп шығарамыз. Одан қандай олжаға ие болатындығын анықтаймыз. Материалдарға, жабдықтарға және жиһазға қанша қаражат кететінін түсінуіміз қажет.
3.Жұмысты бастаймыз. Жалға ұсынылатын бөлме немесе қойма іздейміз. Шикізат, жабдықтар, шығын материалдарын сатып алып, болашақ жұмыс орнын дайындаймыз.
4.Жұмыскерлерді табамыз. Егер сізге көмекші адамдар керек болса, оларды табу қажет. Негізгі талаптарға сай болатын қызметкерлерді жұмысқа қабылдаймыз.
5.Бизнесті ашамыз. Алғашқы сатылымдардын кейін, пайда болған кемшіліктерді анықтап, оларды жоямыз.
8 Ең үздік бизнес-идея
Қазіргі заманда кәсіпкер болу үшін ең бастысы бастапқы капитал ғана емес, ойластырылған бизнес-идея болу керек. Егер сіз оны тапсаңыз, сіз өз ісіңізді ашу үшін үлкен қадам жасадыңыз. 2018-2019 жылғы өз ісіңізді бастауға арналған ең қызықты идеяларды ұсынамыз.
Гүл сату дүкені.
Гүл бизнесі әрқашан үлкен сұранысқа ие. Үйлену тойы, туған күндер, мерейтойлар, мерекелер, тіпті жерлеу рәсімдері – флористтің қызметін талап етеді. Сізге арнайы дайындықтан өтудің қажеті жоқ. Бұл бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің көбісі, барлығын өздігінен үйреніп алды. Егер сіз гүл бизнесін бастау туралы шешім қабылдасаңыз, гүлдеріңізді сатуға мүмкіндік беретін жақсы орын табуыңыз керек. Тұтынушыларыңызды әрдайым жаңа және тіпті сирек кездесетін гүлдермен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін, сізге гүл жеткізушілермен жақсы байланыста болу керек.
Киім бутигін ашу.
Бұл идеяның мәні – сізге өңдірушіден арзанға киім сатып алып, оны шағын дүкендерде тұтынушыларға қымбат бағаға сату. Көптеген кәсіпкерлер – бұл танымал бизнестің үлкен табыс әкелуі үшін, бизнес жүргізетін орынды дұрыс таңдау қажет деп айтады. Бутикті ашу үшін үлкен бөлме қажет емес. Сізге сауда орталығында бірнеше шаршы метрді жалға алсаңыз болды. Сондай-ақ, интернет-дүкенің ашу арқылы, тауарды пайдаланушының үйіне жеткізуіңізге болады.
Фотограф.
Алдымен жабдықты өзін сатып алып, оның функционалдығын түсіну керек. Фотоаппарат профессионалды болмаса да, ең маңыздысы фотосуретті өңдеуді үйрену. Ғаламторда фотосуреттердің кешміліктерін жоюға арналған көптеген нұсқаулар және бағдарламалар жеткілікті. Фотоаппаратты қалай қолдануды және өңдеуді үйренгесін, портфолио жасап, әлеуметтік желілерде жасалған фотоларды жариялаңыз. Әлеуметтік желілер арқылы клиенттер тауып, келіссөздерді сол жерден жүргізіңіз. Табыстың бір бөлігін жаңа кәсіби фотоаппаратқа жинай беріңіз.
Пәтер жөндеу.
Бұл бизнесті бастау үшін, көп инвестиция қажет емес. Сізге, керекті құралдар жиынтығын және жұмыс формасын сатып алу керек. Әлеуметтік желілерде, хабарландыру тақталарында немесе газетте өзіңіз жайлы жарнама қалдырыңыз. Жақсы жасалған жұмыс, сізге деген сұранысты көбейтеді.
Техниканы жөндеу.
Бұл бизнес – тек қажетті құралдарды сатып алу мен тәжірибені талап етеді. Қазіргі заманғы технология үнемі бұзылады, сондықтан жөндеу шеберханалары үнемі жұмыс істейді. Олар тапсырылған техниканы 2 апта бойы, ал кейбір жағдайда 1 ай ішінде түзетеді. Істеген жұмысыңыздың сапасы жоғары болса, үлкен сұранысқа ие болмасыз. Теледидар, микротолқынды пеш, тоңазытқыш және шәйнектерді қайта іске келтіргеніңіз үшін лайықты төлемақы аласыз.
Ателье бизнесі.
Тігін шеберханасында сіз киімді өндеу, жөндеу және безендіру жұмыстарын жүргізесіз. Бұл бизнесте сіз жылдың қай мезгілі болмасын, сұранысқа ие боласыз. Бұл кәсіпті үйде де бастауға болады. Өз ісіңізді бастау үшін сізге, тігін бұйымдарын, арнайы жиһаз, манекен және т.б. сатып алу керек.
Автокөлік жуу бизнесі.
Шағын кәсіпкерлер үшін оңтайлы бизнес-жоба – көлікті жуу немесе химиялық тазалауды (химчистка) ашу. Автокөлік жууға арналған орынды таңдау, өте маңызды. Бизнестің қабатты үйлер мен супермаркеттердің қасында орналасуы тиімді болып саналады.
Шаштараз ашу.
Шаштараз – бұл әрқашан сұранысқа ие болатын бизнес түрі. Әрбір адамда шаштаразға баратын қажеттілік туады. Бұл бизнес күрт ауытқуларға ұшырамайды, шаштараз қызметтері клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын болса болды. Осы факторлардың арқасында, шаштараз ашу идеясы шағын кәсіпкерлер арасында өте танымал.