No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек дерек

Минимал өміршең өнімді сату тәсілін қалай 2 күнде ойлап табуға болады?

MVP (Minimum Viable Product) немесе минимал өміршең өнім дегеніміз – жасалатын өнімнің нарыққа өтетін-өтпейтінін анықтауға арналған құрал. Бұл тұтынушылардан өнімді әрі қарай дамытуға қатысты фидбэк алуға да көмектеседі. 

25.12.2022
Керек дерек, Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Нарыққа өнімді шығарған соң ол тұтынушыларға өтіп, идея сәтті боп кетеді деген ой стартапердің қиялы ғана. Нарық деген өте қатал, стартаптардың 42%-і бірінші жылы-ақ өшіп қалады. Мұны болдырмас үшін бәрін MVP-ден бастау керек.

MVP-дің басты мақсаты мынадай:

— алғашқы клиенттер тарту;

— тұтынушылардан кері байланыс алу;

— өнімді әрі қарай дамыту стратегиясын ойластыру.

MVP тәсілдерін пайдалануға қатысты мысал қарастырайық.

Енді екінші мысалды алайық. Егер стартапер идеясын тым идеал көріп, оны әр кезеңде бұзып-жарғысы келмесе, нәтижеге қиналып жетуі мүмкін. Сонша уақыт жасағаны клиентке ұнамай, ісінің бәрі далаға кетуі де ғажап емес. Демек бұл мысалда қауіп көп. Бұл MVP тәсіліне жатпайды.

MVP жасаудың негізгі төрт тәсілі бар:

— «Волшебник страны Оз» (1939 жылы түсірілген фильм атауы негізінде), болмаса мұны Флинстоун MVP-і дейді;

— MVP консьержі;

— Жекеленген MVP;

— Бір параметрі бар өнім (One-Feature-Product).

1. Флинстоун MVP-і

«Флинстоундар» деген ескі мультфильм бар. Мына отбасы тас ғасырында өмір сүреді. Отағасы бәрін көлікке отырғызып, транспорт жүруі үшін аяғын қозғалтады. Бұл – имитация, функционал иллюзиясы.

Демек клиентке «көлік жасап шығардым» дейсіз де, көлікке мініп ап оны өзіңіз алып жүресіз.

2. MVP консьержі

MVP консьержінің мақсаты – аудитория проблемасын шешуді автоматтандыру. Бұл тәсілді қолданғанда клиент қызметті ұсынып отырған автомат жүйе емес, адам екенін түсінеді. Әдетте, бұл тәсіл офлайн жұмыста қолданылады.

2019 жылы DAR Logistic жобасы басталды. Жоба банк картасын жеткізумен айналысты. Курьер бір жұмыс күнінде 15 картаны қаланың әр жеріне жеткізуі керек еді. Арнайы қолданба әзірленді. Қолданба жүйесі курьердің уақыты зая кетпес үшін оған оңтайлы маршрут жасап беруі қажет. Алгоритм өте күрделі болды – кептеліс, жеткізу уақыты, клиент үйінде бола ма, жоқ па, карта алу уақытын басқа күнге ауыстыра ма, жоқ па деген сияқты көптеген факторды ескеру керек.

3. Жекеленген MVP

— Қазір бар құралдар мен сервистерді қолданады;

— Өнім прототипі кешенді өнім сияқты көрінеді.

Компания жекеленген MVP тәсілін 5Q платформасын іске қосарда қолданды. Платформа онлайн курстар ұсынады, оны студенттер мен оқытушылар контент жариялауға ыңғайлы етіп жасау қажет болды. Платформаны іске жылдам қосу үшін дайын moodle open source шешімі пайдаланылды. Бұл – тегін, функционалы өте көп бағдарламалық жасақтама. Демек компания 5Q платформасын жасарда жаңа сервистер ойлап тауып әуреге түспеді. Бар сервиспен-ақ жаңа платформа жасап шықты.

4. Бір параметрі бар өнім (One-Feature-Product)

— Қолданушының тек бір басты проблемасын шешеді.

— Тексеруге ғана арналған басты функциялары бар бағдарламалық жасақтама болуы мүмкін.

MVP-дің бұл тәсіліне жақында ашылатын 5Qit жобасы мысал бола алады. 5Qit – корпоратив басқару құралы. DAR-да бірнеше еншілес компания бар. Сол компаниялар ішіндегі процесті автоматтандыру керек болды. 5Qit-ке салынған көптеген функционалдың бәрі кішкентай ғана проблема – келісімшартқа келісу процесінен басталды.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Елде шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкер әйел үлесі — 43,5 пайыз

27.09.2022

Депутаттыққа үміткерлерді насихаттаған кейбір журналистер айыппұл арқалауы мүмкін

20.02.2023

Маңғыстауда 7 инвестициялық жоба іске қосылды

19.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа