Құлақтағы қатерлі ісіктің пайда болуы есту қабілетінің төмендеуіне, эстетиткалық өзгерістерге, мүгедектікке алып келеді. Қатерлі ісіктердің алғашында симптомдары білінбейді, сондықтан да пациент өзінің қауіпті ауруға шалдыққандығын білмеуі әбден мүмкін. Осы орайда kazbusiness.kz құлақтағы қатерлі ісіктің симптомдарын оқырман назарына ұсынбақ.
Құлақтың жалпақ жасушалы карциномасының қалыптасуы: созылмалы патологиялардың болуынан, генетикалық бейімділіктен, канцерогендермен үнемі байланысты дәнекер тінінің қабынуынан болуы мүмкін. Жалпы қатерлі ісіктің 4 кезеңі бар. Бірінші кезеңінде қатерлі ісік теріге немесе сыртқы құлақтың шырышты қабығына әсер етеді. Бұл жағдайда сүйек және шеміршек тіндері зақымдалмайды. 2-кезең. Қатерлі ісік сүйек пен шеміршек тініне енеді, науқас қан кету немесе іріңді зақымдану түрінде құлақ ісігінің алғашқы белгілерін көрсете бастайды. 3-кезең. Қатерлі ісік көрші лимфа түйіндеріне метастаз береді, науқас адамның жалпы жағдайы нашарлайды.4-кезең. Құлақшаның жалпақ жасушалы карциномасы жатыр мойнының терең лимфа түйіндеріне еніп, науқастың денесінде конгломераттар мен гематогенді метастаздар пайда болады. Онкологиялық ауруларды зерттеу ғылыми орталығының профессоры Болат Шалабаев
” Кез-келген онкологиялық аурулардың бастапқы кезінде пациент ештеңе сезбейді. Бірақ кейінгі кезеңдерде адам температурасының жоғарлауы,тершеңдік, ағзаның әлсіздігі,ауырсыну,есту қабілетінің төмендеуі секілді түрлі симптомдар пайда болады. Егер осыған ұқсас симптомдар пайда болса, бірден дәрігерге жүгінген жөн.”