No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Сіздің атыңыздан өзге адам несие алса, не істеу керек

13.04.2023
Керек-дерек
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

FinGramota қазақстандықтың атына оның рұқсатынсыз өзге адам кредит рәсімдеп жіберген жағдайда не істеу керек екенін айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Алаяқтар пайдаланушылардың жеке деректерін ұрлап, өз мақсаттарына пайдалану үшін үнемі әр түрлі схемаларды ойлап табуда. Мысалы, адамның атына астыртын несие рәсімдеп жіберуі мүмкін. Ондай жағдайда несие тарихы несиені заңсыз ресімдеу фактісін дер кезінде анықтауға көмектеседі. Несие тарихыңызды алаяқтардан сақтану үшін жиі тексеріп отырған абзал. Несие бюросының деректер базасында Қазақстан бойынша әрбір банк пен несие мекемесінің барлық қарыз алушысы туралы мәлімет бар. Яғни егер адамға кемінде бір рет несие берілген болса, ол туралы толық ақпарат базада көрсетіледі.

Сіздің атыңызға несие рәсімделсе, не істеу керек?

Деректер базасында пайдаланушыға оның қатысуынсыз берілген несие операциясы да көрініп тұрады.

Ондай кезде алдымен несие берілген кредиттік ұйымның атауын білу керек. Бұл ақпарат несие тарихында көрсетіледі.

Одан кейін несие тарихында көрсетілген барлық ақпаратты егжей-тегжейлі тізе отырып, несие рәсімделген ұйымға өтініш жазуыңыз керек. Төлем картасы немесе жеке басын куәландыратын құжат жоғалған жағдайда оның жоғалғанын растайтын анықтама қоса берілуге тиіс.

Сонымен қатар кредиттік ұйымнан ішкі қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізуді талап ету керек. Содан соң өтініш тіркелуі керек, ал тіркеу нөмірі мен қабылданған күні көрсетілген құжаттың көшірмесі өтініш берушіге табысталуға тиіс.

Несие беруші қосымша құжаттарымен бірге қарыз шартының көшірмесін, жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ ақша аударылған шоттың деректемелерін ұсынуы керек.

Алаяқтықтың құрбаны болған адам несие берген және келісімшартты рәсімдеген қызметкердің деректерін де банктен нақтылап, сұрауға тиіс.

Несие ұйымы құжаттарды беруден бас тартқан жағдайда сіз Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым түсіре аласыз.

Полицияға жүгінгенде не істеу керек?

Сондай-ақ тез арада құқық қорғау органдарына арыз жазу қажет.

Егер қолтаңба сараптамасы жүргізілсе, келісімшарттағы қолтаңбаның өтініш берушіге тиесілі емес екені анықталуы мүмкін.

Егер несие банкоматта берілген болса, онда бейнекамера орнатылған болуы керек және несие алған адамды бейнежазбадан анықтауға мүмкіндік бар.

Егер несие онлайн түрде алынса, полиция несие алған адамның мекенжайын IP адресі арқылы анықтай алады. Айта кетейік, сіздің атыңызға бейтаныс адамдар ғана емес, құжаттар мен банк деректері сеніп тапсырылған адамдар да несие рәсімдеп жіберуі әбден мүмкін, олардың ішіне – туыс, дос-жарандар да кіреді.

Кредиттік ұйым несиені алаяқтар рәсімдегені жайлы дәлел таппаса, тұрғылықты жеріңіз бойынша келісімшартты жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну қажет.

Сот оң шешім қабылдаған жағдайда несие ұйымы:

  • қарыз алушыдан қарызды төлеуді талап етуді тоқтатуға тиіс;
  • қарызды есептен шығаруы керек;
  • несие бюросына басқа біреудің несиесі туралы ақпаратты несие тарихынан жою туралы хат жолдауы керек.

 

Байланысты Материалдар

Көлік жүргізушілер назарына!

06.05.2024

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

18.04.2024

Регистрация рождения ребёнка: что нужно знать

20.03.2024

Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

20.03.2024

Неге жас журналисттердің IT сферасына бет бұрғаны жөн?

12.03.2024

Қант диабетінің симптомдары

08.03.2024

Ұсынылатын материалдар

Трамп несие алғысы келеді, бірақ кінә, біз үшін, АҚШ экономикасы үшін – саясат

05.05.2025

Жаһандық бизнестегі қателіктерден қандай қорытынды шығаруға болады?

24.10.2022

“ҚазМұнайгаздың” бұрынғы басшысы Сауат Мыңбаев қызының тойын Түркияда дүркіретіп өткізді

25.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа