No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

35 пайыз салымшы теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы төлеуге өтініш берген

15.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) төрағасы Әділ Өтембаев Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан қаржыгерлерінің Х Конгрессі» аясында теңгелік депозиттер бойынша 10% көлеміндегі өтемақы (сыйақы) бағдарламасының жүзеге асырылуын айтты.

«Қазір біз төлемдерге өтініш беру белсенділігінің төмендігін көріп отырмыз. 2022 жылдың 11 қарашасындағы жағдай бойынша, берілген өтініштердің саны 1,8 млн адамды құрайды, бұл өтемақы алуға өтініш білдіргендердің жалпы санының 35%-нан аз», — деді Өтембаев.

ҚДКБҚ басшысы өтемақы бағдарламасының шарттары мен мерзімдері туралы айтты:

«Биылғы жылдың 23 ақпанына дейін теңгемен депозит ашқан қазақстандық банктердің салымшылары мемлекеттен 10% көлемінде өтемақы алуға құқылы екенін еске салғым келеді. Ол үшін депозит ашылған банкке өтініш беріп, сол арқылы төлемді алуға келісіміңізді растауыңыз қажет. Бұл 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалуы керек. Сондай-ақ депозитті 2023 жылдың 24 ақпанына дейін сақтау маңызды. Сонымен қоса, өтемақы жыл ішінде депозитте болатын ең төменгі сома үшін есептелетінін атап өткім келеді», – деді спикер.

Сөз соңында Әділ Өтембаев салымшыларды төлемдерді алу құқығын белсенді пайдалануға шақырды:

«Салымшылардың төлемге өтініш беруге бір жарым ай уақыты қалды, банкке өтініш беруді жыл соңына дейін қалдырмауды ұсынамын. Оның үстіне бұл қиын емес, көптеген қазақстандық ЕДБ бұл үдерісті онлайн түрде ұйымдастырды, депозит ашылған банктің мобильді қосымшасы болса жеткілікті. Толық ақпарат алу үшін сіз әрқашан осы банктерге хабарласа аласыз», – деді ҚДКБҚ басшысы.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Марат Сұлтанғазиев: Облыстың өнеркәсіп көлемінде Балқаш ауданының үлесі — 0,2%

16.07.2022

Кредиттік келісімшартқа қол қоймас бұрын назар аударатын 12 шарт

18.12.2022

Әулиекөл кәсіпкерлеріне өртенген бизнесі үшін өтемақы төленеді

12.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа