No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек дерек

ТОП-5: бизнеске қатысты үздік кітап

Егер сіз өз уақытыңыз бен өміріңізді басқаруды үйреніп, басшылық қабілетіңізді шыңдағыңыз келсе, онда Balbal.kz топтастырған бизнес туралы мына кітаптарды міндетті түрде оқып шығыңыз.

22.12.2022
Керек дерек, Жаңалықтар
4
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

1. «So Good They Can’t Ignore You» (Армандауды қой, іске көш), Кэл Ньюпорт

Барлық кітап «мақсатшыл бол, өз ісін сүйген адамға бақ қонады» деп ақыл-кеңес береді. Профессор Кэл Ньюпорттың алып-қосары бар: қолыңыздан келетін істің шебері атаныңыз. Құр армандаудан түк шықпайтынын біліңіз. Алайда арман-қиялдан бас тартпау қажет. Автор реалист болуға шақырады.

2. «The Black Swan: The Impact of the Highly Improbable» (Қара аққу), Нассим Талеб

Эксперттер мен бай-қуатты адамдардың аузынан шыққан болжамдарға қарапайым адамдар имандай сенеді. «Қара аққуда» инвестор мен философ Нассим Талеб 2007 жылы қаржы жүйесінің тас-талқан шыққанын мысалға келтіре отырып, ең сенімді болып көрінетін жүйелердің өзі әлсіз келетінін айтады.

3. «Lean In: Women, Work, and the Will to Lead» (Іс-әрекетке көшуден қорықпа), Шерил Сэндберг

«Іс-әрекетке көшуден қорықпа» кітабы әйелдер құқы тақырыбы қозғалған кезде сауатты пікірталас ұйымдастырғысы келетін оқырманға арналады. Өз өмірінен мысалдар келтіріп және әр түрлі зерттеулердің нәтижесін көрсете отырып Шерил Сэндберг қаншама іске қабілетті дарынды әйел карьера бақытынан білместікпен бас тартып жатқанын әңгімелейді.

4. «The Power of Habit: Why We do What We do in Life and Business» (Дағдының күші), Чарлз Дахигг

Бұл табысқа жеткісі келетін жалындаған жастарға арналған кітап. Кітаптың авторы – The New York Times газетінің журналисі. Чарлз батпаққа сүйрейтін жаман дағдылардан бас тартуға шақырады. Күн сайын алға қадам жасай отырып, табысқа жетуге үндейді.

5. «Give and Take» (Аламыз ба, береміз бе?), Адам Грант

Кез келген дүниеден пайда тапқымыз келеді де тұрады. Мұндайда эгоизмге салынамыз. Жеңіске жету үшін басып-жаншуға да дайын тұрамыз. Психолог Адам Грант мұндай әрекеттер бақыт әкелмейтінін айтады. Өзін ғана емес, тұтас қоғамның қамын жейтіндер орасан зор табысқа жеткен адамдар екенін автор зерттеулері арқылы дәлелдейді. Адам Грант уақытты тиімді басқара отырып, пайдалы болу құпиясымен бөліседі.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Әлеуметтік жоба: 10 жылда 60 мың әлеуетті кәсіпкер шықты

14.11.2022

Туристік қызмет көрсету үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс

28.09.2022

Несие есебін қайдан алуға болады?

19.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа