No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Жеке кәсіпкерлер МӘМС жүйесіне жарнаны қалай төлейді?

Маусым айында Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындарынан Қорға 3,2 млрд теңге көлемінде төлемдер түскен. Оның ішінде 1,9 млрд теңге аударымдар және 1,3 млрд теңге жарналар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиевтың айтуынша, кәсіпкерлердің тарапынан аударымдар мен жарналар төлемдері бойынша жауапкершілігінің артқаны байқалады. Осы орайда, жеке кәсіпкерлердің МӘМС жүйесіне жасайтын төлемдеріне қатысты жиі қойылатын сауалдарға жауап бердік.

11.07.2022
Керек-дерек
19
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға өз пайдасы үшін қанша төлем жасайды?

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын азаматтар басқа да әлеуметтік аударымдармен қатар міндетті медициналық сақтандыруға белгіленген жарналарды төлейді.
2022 жылы осы санаттағы төлеушілер үшін жарналардың мөлшері ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе ай сайын 4 200 теңгені құрады. (60 000*1,4) *5% = 4 200 теңге

Қалай төлейді?

Жеке кәсіпкер ретінде өзі үшін МӘМС төлемін екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі арқылы, оның ішінде мобильді қосымшалар арқылы, сондай-ақ “Қазпошта” АҚ, Касса 24 және Qiwi әмиян өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы аударуға болады. Төлем коды (ТК) – 122. Сіз ай сайын да, ұзақ мерзімге де алдын ала төлем жасай аласыз. 2-3 жұмыс күні ішінде қаражаттың қайтарылуын міндетті түрде тексеріңіз.
Егер ЖСН немесе аты-жөні, төлем сомасы дұрыс көрсетілмеген болса немесе 10 ЕТЖ-дан асатын аударым базасы асып кетсе, жарналар қайтарылуы мүмкін.

Жеке кәсіпкерлер ретінде жұмыс берушілер медициналық сақтандыруға қанша төлейді?

Егер жеке кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлері болса, онда олар жұмыс беруші ретінде төлемдер бойынша жауапты болады. Аударымдар (жұмыс берүші қаражаты есебінен) – қызметкерлердің жалақысының 3% мөлшерінде, бірақ 18 мың теңгеден аспайды. Жарналар (қызметкердің жалақысынан ұстап қалу) – қызметкерлердің жалақысынан 2% мөлшерінде, бірақ 12 мың теңгеден аспайды.
Мысалы: N қызметкерге 2022 жылғы шілде айына 100 000 теңге сомасында жалақы есептелді. Бұл жағдайда қызметкер аударымдарының сомасы 2 мың теңгені құрайды, жұмыс беруші өз тарапынан 3 мың теңге аударады. Яғни, әр қызметкердің жалақысының мөлшеріне байланысты болады.

Қалай төлем жасауға болады?

Жеке кәсіпкер қызметкерлері үшін МӘМС төлемін банктің кез келген бөлімшесі, оның ішінде мобильді қосымшалар және «Қазпошта» АҚ арқылы аударуға болады. Төлем коды (ТК): 121.

Егер жеке кәсіпкер жеңілдік санатына кіретін болса, МӘМС үшін ақы төлеу қажет пе?

Жеке кәсіпкер өзі немесе оның жалдамалы қызметкерлері келесі санаттарда болған жағдайда жарналар мен аударымдарды төлемейді:

• балалар (18 жасқа дейінгі);
• зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
• «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
• мүгедектер;
• орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар.

Декреттік демалыстағы әйел жеке кәсіпкер болса, МӘМС үшін төлем жасауы керек пе?
Егер әйел жеке кәсіпкер болса, онда ол өзі үшін 4 200 теңге мөлшерінде белгіленген жарнаны төлейді. Бұл санаттағы әйелдер жеңілдік санатына кәсіпкерлік немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, табысы жоқ кезде кіреді. Егер жеке кәсіпкер жұмыс жасамаса (кірісі болмаса), онда салық органдарында кәсіпкерлігін тоқтата тұру үшін тиісті рәсімдерді жүргізу қажет.

Егер жеке кәсіпкер зейнеткер немесе мүгедек болса, ол медициналық сақтандыру үшін жарна төлеуі керек пе?

Жоқ. Мүгедектігі бар адамдар МӘМС жарналарын төлеуден толық босатылған азаматтардың жеңілдік санатына жатады, оның ішінде жеке кәсіпкер ретінде де. Сондай-ақ, Қазақстандағы қордан зейнетақы алушылар да МӘМС жарналарын төлеуден босатылды.

Бір мезгілде жалдамалы қызметкер болып табылатын жеке кәсіпкер медициналық сақтандыруға жарна төлей ме?

Иә. Бұл жағдайда «МӘМС туралы» Заңның 28-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес төлеуші өзінің жалақысының 2%-ын жалдамалы қызметкер ретінде және ЕТЖ-нің 1,4 еселенген мөлшерінің 5% – ын жеке кәсіпкерр ретінде 4 200 теңге төлейді. Жеке кәсіпкер қызметі тоқтатылған жағдайда, ҚР Салық заңнамасына сәйкес, МӘМС жарналарын кәсіпкер ретінде төлемеуі тиіс.

Жеке кәсіпкерге МӘМС жарналарын төлемегені үшін өсімпұл салына ма?

Иә. Төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Өсімпұлды болдырмау үшін жалдамалы қызметкерлері болса, жарналар мен аударымдарды уақтылы төлеу қажет. Есепті кезеңнен кешіктірмей, яғни кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмеу керек.

Жарналарды және (немесе) медициналық сақтандыру қорына аударымдарды төлеуден жалтарған жағдайда қандай шаралар қолданылады?
Мемлекеттік кіріс органдары (салық комитеті) аударымдар мен жарналардың уақтылы және толық есептелуіне және аударылуына бақылау жүргізеді. Егер жеке кәсіпкер жарналарды және (немесе) аударымдарды төлеуден жалтарса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жұмыс берушiлердiң, жеке кәсiпкерлердiң, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсiби медиаторлардың мiндеттi медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеуi, уақтылы және (немесе) толық төлемеуi – ескерту жасауға әкеп соғады.
Бір жыл ішінде ескерту қайталанған жағдайда айыппұл салынады.
• Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне МӘМС төленбеген, уақтылы және (немесе) толық төленбеген аударымдар және (немесе) жарналар сомасының 20%-ы мөлшерінде
• орта кәсіпкерлік субъектілеріне-30% мөлшерінде
• ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-50% мөлшерінде

МӘМС жарналарын және/немесе аударымдарын төлеу кезінде жеке кәсіпкер нені есте сақтауы қажет?

• Қаражаттың қайтарылмауы үшін алушының ЖСН мен аты-жөнін дұрыс көрсету керек;
• Міндетті түрде медициналық сақтандыруға төлемдердің қабылдануын 2-3 жұмыс күн ішінде тексеру қажет. Егер төлем қайтарылған болса, онда дұрыс ақпаратты көрсете отырып, төлемді қайта жүргізу қажет;
• Есепті кезеңнен кешіктірмей салық органдарына есептілікті дайындау және тапсыру керек;
• Өз жұмыскерлерін МӘМС төлемінің аударылғаны туралы хабардар ету керек.

Байланысты Материалдар

Көлік жүргізушілер назарына!

06.05.2024

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

18.04.2024

Регистрация рождения ребёнка: что нужно знать

20.03.2024

Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

20.03.2024

Неге жас журналисттердің IT сферасына бет бұрғаны жөн?

12.03.2024

Қант диабетінің симптомдары

08.03.2024

Ұсынылатын материалдар

Бұл қырғын халқымызға орасан зор қасірет әкелді – Тоқаев қуғын-сүргін туралы

31.05.2023

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың барлық түрінің мөлшері өсті

04.01.2023

Талдықорғанда 26 әйел «тігінші» мамандығы бойынша сертификат алды

10.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа