No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЕЭК кеңесі бизнес мүддесіне қатысты келелі шешімдерді қабылдады

Жақында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов қатысты. Кеңес барысында 42 мәселе қаралды, оның үшеуіне Ұлттық палата бастама жасаған. Барлық үш мәселе бойынша келелі шешімдер қабылданды.

28.11.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

ЕЭК Кеңесі ҚХР-да шығарылған кассеталық теңселіс мойынтіректеріне қатысты демпингке қарсы шараның күшін жоюды жоспарлады. Еске салсақ,  бұған дейін ЕЭК Алқасының шешімімен демпингке қарсы шаралар теңселіс мойынтіректерінің барлық түріне 2023 жылдың 20 тамызына дейін ұзартылды. Бұл шара жұмыс істемейтін паркте «Қазтеміртранс» компаниясының 1700 жүк вагоны тұрып қалуына себеп болды. Осылайша өндіріс тиімсіз тоқтап қалып, соның салдары тасымалдаудан түсетін пайданың азаюына және экономикалық шығындардың өсуіне әкеледі.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, Ұлттық палата бұл мәселені жыл басынан көтеріп келеді.

 «Бизнестің басты қорғаушысы ретінде бізге кез келген кідіріс немесе табыстан айырылу мәселесі маңызды. Сондықтан кассеталық теңселіс мойынтіректеріне қатысты демпингке қарсы шараларды алып тастау мәселесі өзекті болды. Бұл мәселе шешім тапқанына қуаныштымыз», – деді Тимур Жаркенов.

Бұдан басқа, ЕЭК Кеңесінің отырысында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, қызметтердің бірыңғай нарығын дамыту, техникалық реттеу мәселелері, сондай-ақ ванадий-алюминий лигатурасына қатысты баждың нөлдік ставкасын тұрақты негізде қолдану мәселесі талқыланды. Бұған дейінгі 0% мөлшерлемесі осы жылдың соңына дейін ғана қолданыста болған.

Сондай-ақ, ЕЭК Кеңесі уақытша сақтауға орналастырылатын (орналастырылған) бірдей шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтық, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша әртүрлі жағдайларда бірнеше рет туындайтын міндеттер тоқтатылатын мән-жайларды айқындады.

Мұндай міндеттерге:  тауарларды шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдерге орналастыру, кеден органының кедендік декларациялауына байланысты тауарларды кедендік рәсімге орналастырмай шығару, ЕАЭО кеден аумағынан тауарлардың кетуіне кеден органының рұқсатын алуға байланысты тауарларды уақытша сақтау қоймасынан беру, сондай-ақ тауарларды кедендік процедураға орналастырмай сақтау орнын өзгерту кіреді.

Кодексте уақытша сақтау қоймасының иесі емес тұлғалардан баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтату үшін негіз ретінде тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру айқындалған. Бірақ тауарлар жоғалғаннан немесе кеден органының рұқсатынсыз өзге тұлғаларға берілгеннен кейін ғана. Тиісінше, уақытша сақтаудағы тауарларды көрсетілген ерекшеліктерсіз мәлімделген кедендік рәсімге орналастырған жағдайда, баждар, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылмады. Бұл жағдайда бір тауарға қатысты баждар, салықтарды төлеу бойынша қос міндет туындады», – деді Тимур Жаркенов. 

Кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтатудың нақты мән-жайларын айқындау ЕАЭО Кеден кодексіне түзетулер күшіне енгенге дейін Одақтың кедендік аумағына әкелінген бірдей шетелдік тауарларға бірнеше рет баждар, салықтар салу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ұлттық палата 9 салада бизнеске қойылатын талаптарды қайта қарау жұмысын аяқтады

09.09.2022

Қазақстанға қай елдер инвестиция құяды?

04.04.2023
фото: instagram.com/baurzhan__alenov

Алматыда қызды тепкен шетел азаматын қамауға алды

26.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа