No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

1 қаңтардан бастап кімдер декларация тапсырады?

06.12.2022
Жаңалықтар, Kazbusiness
13
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Елімізде 2023 жылдан бастап табысты жаппай декларациялаудың екінші кезеңі басталады. Кірісті жасырғандар әкімшілік жазаға тартылады, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.

Елде кіріс пен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау жалғасып жатыр. Бастама 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Мұндағы мақсат – көлеңкелі экономиканы азайтып, сыбайлас жемқорлықпен күресу және бюджетке қосымша түсімді арттыру.

Бірінші кезеңде декларацияны мемлекеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары тапсырған еді. Енді мектеп пен балабақша, ЖОО, денсаулық сақтау ұйымдары, спорт және мәдениет саласында жұмыс істейтіндер жиған-тергенін жариялайтын болады.

«2023 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталады. Осы екінші кезеңде активтер мен міндеттемелер жөніндегі 250 нысанды декларацияны мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, сонымен қатар квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайы тапсырады», – деді Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев.

Активтер мен міндеттемелер жөніндегі декларацияда шетелдегі жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, көлік құралдары және мың айлық есептік көрсеткіш көлемінен асатын банктегі шот көрсетіледі. Ал ел аумағындағы тұрғын үй мен мүлік туралы ақпаратты енгізу міндетті емес. Тек тапқан табысты ашық көрсеткен абзал. Өйткені, кірісті жасырғандар әкімшілік жазаға тартылады.

«Осы декларацияда 10 мың АЕК көлемінің шегінде қолма-қол ақшаны көрсетуге болады. Бүгінгі күні ол 30 млн 630 мың теңгені құрап отыр. Осындай мәліметтер декларацияда көрсетіледі. Декларацияның тапсыру мерзіміне келетін болсақ, келесі жылдың 15 шілдесіне дейін қағаз түрінде тапсырылады. 15 Қыркүйекке дейін электронды түрде тапсырылады», – деді  Қуаныш Түменбаев.

Айта кетейік, декларацияны электронды түрде салық төлеушінің кабинеті, электронды үкімет порталы және e-Salyk Azamat мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады. Ал жазбаша түрде өткізу үшін мемлекеттік кірістер органындарына келу қажет. Ал барлық сұрақ бойынша 1414 нөміріне хабарласуға болады.

 

Байланысты Материалдар

Қор нарығы 2025 жылғы 3 шілде: Dow RITS;Мықты жұмыс орындарының лифтілері базарлары – WSJ

05.07.2025

Ашибай Робиндіктердің «ашық шоспен» – Техниканы айыптайды

04.07.2025

Маусымдық көшелер күткендей, қор фьючерстері аз өзгерді

04.07.2025

U.s. Lifts чиптік бағдарламалық жасақтаманы Condow Trade Tuck – CNBC

04.07.2025

Tesla-дың сатылымдағы құлдырауы EV салығы бойынша болашаққа кіреді, өйткені Вашингтон Посты

04.07.2025

Джером Пауэлл: Трамп АҚШ-тың Орталық банкіне бірден кетуге шақырады – BBC

04.07.2025

Ұсынылатын материалдар

Қалай инвестор болуға болады?

24.01.2023

«ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» екіжақты келісімге қол қойды

28.09.2022

Қарасай ауданында ер адам өгей қызын зорламақ болған

03.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа