No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алакөл ауданының балықтары Еуропа елдеріне экспортталуда

29.09.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алакөл ауданындағы балық өңдеу зауыты өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттап отыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі Жетісу облысының баспасөзз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері кәсіпорында 800 тоннадай балық өңделген, балық сүйегінен дайындалатын ұнның 440 тоннасы өндірілген. Кәсіпорын шикізаттың көлеміне байланысты тәулігіне 5-тен 10 тоннаға дейін балық өнімдерін, 3 тоннаға дейін балық сүйегінің ұнын шығара алады. Онда 1 мың тонна өнім сыятын тоңазытқыш құрылғысы орнатылған. Зауытта балық сүбесі мен фаршы, сол сияқты қақталған өнімдер шығарылады.

«Болашақ Бастау» ЖШС директорының орынбасары Мұратхан Оразимановтың айтуынша, дайын өнім отандық нарықта саудаланады, сол сияқты Белорусқа, Германияға, Чехия, Дания және басқа да еуропа елдеріне экспортталады. Белгіленген орындарда балық аулаумен 2 бригада айналысады, оларға жылына балықтың әр түрінен 40 тонна көлемінде аулауға рұқсат етілген. Өнім көлемін арттыру үшін жергілікті балықшылардан қосымша балық сатып алынады, сол сияқты Балқаш, Зайсан көлдерінен жеткізіледі. Негізінен алабұға, сазан, көксерке, мөке балық өңделеді.

– 100 кг балықтан 50 кг филе шығады. Біздің кәсіпорын қалдықсыз жұмыс істейді. Балықтың қалдығынан, сүйегінен, шеміршегі мен қабыршығынан ұн шығарамыз, оны мал мен құсқа, балықтың өзіне азық ретінде пайдаланады, жақсы тыңайтқыш та болады. Бұл тұнып тұрған таза протеин. Негізінен құс фабрикалары сатып алуда. Біздің бірнеше цехымыз бар. Балық алдымен жуылады, содан соң іріктеледі, тазартылады, кесіліп, еті жаймаланады, дайындалып, қапталып, маркасы жапсырылады. Бір ғана бөлшектеп өңдеу цехында екі ауысыммен, яғни айына екі аптадан 25 адамға дейін жұмыс істейді, Кәсіпорында 82 адам тұрақты еңбек етеді, – дейді жас маман, ауысым шебері Динара Оразбекова.

12 сағаттық ауысымда бір жұмысшы орта есеппен 100-150 кг балық өңдей алады. Бірақ тәжірибесі толысқандар мұнан да жоғары көрсеткішке жеткізеді. Мәселен, Надежда Атарованың зауытта жұмыс істеп жүргеніне 20 жыл болған. Бір ауысымда ол 180-250 келіге дейін өңдейді. «Егер балық ірі болса, бұдан да көп шығуы мүмкін», – дейді ол қолы тынбай. Жас мамандар да қалыспайды. Солардың бірі Олеся Белоусованың да балық кесудегі жылдамдығына көз ілеспейді. Ол орта есеппен  250-300 кг, ал жалпы бір тәулікте 500 кг дейін балық өңдей алады. Мұндағы жұмысшылардың жалақысы 90 мың мен 180 мың теңгенің аралығында. Өз асханасы мен жатақханасы бар. Жеке фирмалық дүкені де жұмыс істейді.

Жалпы 1 кг балық фаршының бағасы кәсіпорында 600 теңге, қораптағы 5 кг себенің құны балықтың көлеміне қарай 7500 – 9000 мың теңге.

«Болашақ Бастау» ЖШС зауыты 2016 жылдан бері жұмыс істейді, цехтары мен өндірістік кәсіпорындары бұрынғы «Рыбпром» ЖШС филиалынан сатып алынған. Зауыттың құрылтайшысы Тілеубек Алтынбаевтың айтуынша, 2018 жылы зауыттың іргесі кеңейтіліп, қайта жаңғыртудан өткізілді, замануи құралдар орнатылған. Электрмен жылытылады. Кәсіпорынның өзінің жеке сүзгі алаңы бар.

 

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Түркияға импорт 1,5 есеге дейін өсті

11.10.2022

Сапасыз жол салған шенеуніктер тергеліп жатыр

11.05.2023

Enbek.kz порталында бос орындар жәрмеңкесі басталды

29.03.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа