ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев түрік компанияларының Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне 200 миллион доллар инвестиция салатынын мәлімдеді.
Ол Түркия Қазақстанда бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.
“Біздің Түркиямен қарым-қатынасымыз өте жоғары деңгейде. Осы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша экспорт пен импорт екі есеге өсті. Қазақстанның экспорты екі есеге, ал Түркиядан импорт 60%-ға өсті. Қазіргі уақытта сауда динамикасы жоғары деңгейге жетті”, – деді Қарашөкеев.
Министрдің айтуынша, түрік инвесторлары агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция салуға ниетті. Оның ішінде бірнеше ірі жобалар бар.
Түркия жобаларға 200 миллион доллардан астам инвестиция салады. Жобалардың ішінде тері өңдеу, бау-бақша дақылдарын өсіру бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдау көрсетеді. Біз жүйелі түрде жұмыс істейтінімізге сенімдімін”, – деді министр.