No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Іле ауданында жылына 10 мың тонна ет өңдейтін құс фабрикасы ашылды

Республика күні қарсаңында Іле ауданында бірнеше нысан ашылды. Соның бірі – Жетіген ауылындағы құс фабрикасы. Бұл – ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Өйткені, 380 адам жұмыспен қамтылмақ, деп хабарлайды kazbusiness.kz Жетісу газетіне сілтеме жасап.

21.10.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Зауыттың салтанатты ашылуына Алматы облысы әкімінің орынбасары Рауан Рақымбеков, аудан әкімі Бағдат Қарасаев, «Nauryz agro KZ» ЖШС директоры Наим Турдиев, зауыт қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

Алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Бағдат Қарасаев фабриканың құрылтайшысы «Nauryz agro KZ» ЖШС облыс көлемінде 4 ірі жобаны жүзеге асыратынын, бұл соның алғашқысы екенін атап өтті. Зауыт бельгиялық озық жабдықтармен қамтамасыз етілгенін, сәйкесінше, бар жұмыс автоматтандырылғанын жеткізді.

«Nauryz agro KZ» ЖШС директоры Наим Турдиев фабриканы тек бизнес көзі ретінде ғана емес, ұзақ жыл халыққа қызмет етіп, ауылдың көркеюіне үлес қосу мақсатында ашып отырғанын, бройлер бағытындағы тауық еттерін шығарып, жыл сайын қуаттылығын арттыра түсетінін, осылайша халықтың сұранысын барынша өтеу бағытында жұмыс істейтінін айтты.

Бұдан соң жиналғандар зауыттың әкімшілік кеңсесін, құс фабрикасын аралап, жұмыс барысымен танысты. Жалпы, өндіріс ошағының салынуына 6,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Қуаттылығы жылына 10 мың тонна құс етін өндіруге жетеді. Халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетін фабриканың облыс экономикасына да қосар үлесі зор болмақ.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «TONIA» индикаторына байланған мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудың жаңа құралын енгізеді

02.08.2022

Түркістанда автокөлікке арналған фильтр өндіріледі

20.09.2022

Биткоин 10 пайызға өсіп, 21 000 долларды құрады

10.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа