No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкер Оңтүстік Кореядан шағын дәмхана ашты

30.10.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстандық Сәуле Қосақаева Оңтүстік Кореядан шағын дәмхана ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. «Шырайлы Шымкент» деп аталатын кафеде қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылады. Кәсіп иесі қазақтың еті мен бауырсағына кәрістер өте құмар екенін айтады, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттік Сәуле Қосақаева көптеген қазақстандықтар сияқты Оңтүстік Кореяға жоғары табыс іздеп келгендердің бірі. Бастапқыда келіншек корей косметикасын елге тасымалдап, тұрмысын жақсартуды жоспарлапты.

Алайда, мұндағы өзбек және қырғыздардың арнайы дәмханасын көріп, қазақтың ұлттық тағамдарын дайындайтын орын ашпақ болады. Сөйтіп Ионсаннан «Шырайлы Шымкент» деген атаумен 70 адамға арналған шағын кафе ашқан. Қазір дәмханасынан дүниежүзінен келген мұсылмандар мен жергілікті кәрістер де үзілмейді екен.

Олар қазақтың еті мен қуырдағын, жұмсақ бауырсағын аңсап келеді дейді. Ал, Сәуленің өзі шет мемлекетте жеке бизнеспен айналысу оңайға соқпағанын айтады.

“Салық өте үлкен, документация оңай емес. Ұзақ дайындадық оны біраз жүріп, Енді қандай біздің елде ережелер болса, бұл жақта да сондай. Бірақ, бұл жақта шамалы қаталдау енді біздің елдегідей емес. Сұраныс үлкен, талап үлкен”, – дейді Сәуле Қосанова.

Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігінің мәліметінше, қазір Пусан қаласында 200-ге жуық отандасымыз тұрып жатса, Сеул қаласындағылардың саны белгісіз.

Көбі мұнда жұмыс істеуге келеді, өйткені Кореяда табыс көзі өте жоғары.

Мәселен, Қазақстанда 2-3 жылда жинайтын ақшаны, мұнда бір жыл ішінде табуға болады. Дегенмен, бұл мемлекетте Қазақстаннан келген заңсыз еңбек мигранттарына өмір сүру оңай емес.

Отандастарымыздың көбі зауыттарда ауыр еңбекке жұмылдырылады.

Сәйкесінше, жұмыстан жарақат алатын жағдайлар да аз емес. Ал Кореяда өзге елдің азаматтарына жедел жәрдем келмейді, тегін ем де көрсетілмейді.

Сондай-ақ, Кореяда нәпақа табудан бөлек, білім іздеп келетіндер көп. Соның бірі қарағандылық Валерий Пягайдың отбасы. Ерлі-зайыпты баламыз сапалы білім алсын деген ниетпен Пусанға көшіп келдік дейді.

“Оқу процесінің өзі мұнда қызықты. Балаларға ешқандай үй тапсырмасын бермейді. Мен Қазақстанда білім деңгейі төмен деп айтпаймын. Бірақ, баламды осы жақтан оқытқанды құп көрдім. Оның үстіне Кореяға келгендерде 1 жыл бойы тілді тегін үйретеді”, – дейді Валерий Пягай.

Айта кетсек, Қазақстан мен Корея Республикасы арасында визасыз режим бар. Яғни отандастарымыз 30 күннен аспайтын мерзімге бұл мемлекетке визасыз кіре алады. Алайда, жоғары табыс іздеп барған еңбек мигранттары кәріс жерінде заңсыз, ұзақ уақытқа қалып қойып жатады. Сондықтан, қазір Корея билігі отандастарымызды шекараларынан еркін өткізе бермейді.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

«40+» формуласын пайдалану арқылы қалай табысқа жетуге болады?

14.12.2022

Әлихан Смайылов өңдеу секторындағы кәсіпорындарды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырды

11.08.2022

Кәсіпкерлік жайлы 8 аңыз

20.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа