No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

18 мың қазақстандық банкроттыққа өтінім берген

2 апта ішінде 18 мың Қазақстан азаматы жеке тұлғалардың банкроттығын рәсімдеуге арыз жазған, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

15.03.2023
Жаңалықтар
62
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Биыл 3 наурыздан бастап азаматтардан банкроттық рәсімдерді қолдану туралы арыздарды қабылдау басталған. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні (15.03.2023) банкроттықты рәсімдеуге 18 мыңнан астам арыз келіп түскен. Арыздар негізінде е-Gov (94%) және e-Salyq Azamat (6%) мобильдік қосымшасы арқылы берілген.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының талаптарына сәйкес, арыз берілгеннен кейін мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың келесі шарттарға сәйкес келуін тексереді:

  1. борыш банк, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдында 5,5 млн.теңгеден (1600 АЕК) аспауы;
  2. борыштың өтелмеу мерзімі он екі айдан асуы;
  3. некеде бірге алынған мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (көлік, үй, жер тілімі, банктегі депозит және т.б.);
  4. банкпен, МҚҰ борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізілуі.

Тексеріс автоматтандырылған нысанда тіркеуші мемлекеттік органдардың, банктердің және кредиттік бюролардың электрондық деректері базасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Алдын ала мәлімет бойынша, арыз берген кей азаматтар банкроттық рәсімін қолдана алмайды. Оның себептері:

  • 12 ай ішінде қарыз ішінара өтелгені;
  • борышкердің немесе зайыбының мүлкі болуы;
  • банкпен не МҚҰ реттеу рәсімін жүргізуі туралы құжаттың болмауы;
  • дара кәсіпкер ретінде тіркелгендігі;
  • атаулы әлеуметтік көмекті 6 айда аз мерзімде алуы.

Ол азаматтардың телефонына 1414 қызметі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Егер мұндай хабарлама алынған болса, соттан тыс банкроттыққа қойылған өлшемдерге сәйкес келсе 3 айдан кейін қайта өтінішпен жүгінуге болады.

Бас тарту себептерін жою үшін тиісті уәкілетті органга жүгіну қажет:

  1. мүліктің болуы, заңды тұлғаларда қатысуы туралы – әділет органдарына (ХҚКО, «электрондық үкімет» порталы арқылы);
  2. жер тілімі, ауылшаруашылығы жануарлары және арнайы техника бойынша – Ауыл шаруашылығы басқармасы (жергілікті әкімшілікке);
  3. автокөлік құралдары бойынша – Ішкі істер басқармасына, Мамандандырылған ХҚКО;
  4. дара кәсіптің болуы бойынша – Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына;
  5. кредит сомасы, қайтару мерзімдері бойынша – тиісті банкке, МҚҰ-ға немесе коллекторлық агенттіктерге. Егер банк не МҚҰ немесе коллекторлық агенттіктері тиісті құжат бермесе аймақтық Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бөліміне жүгінуге болады.

Егер борышкерге мүлкінің болуына байланысты соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартылған жағдайда, ол тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану үшін жүгінуге құқылы (Заңның 6, 20-22 баптары).

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Ақмола облысында картоп пен жемшөп дақылдарының алқаптары көбейді

11.08.2022

eOtinish — мемлекеттік органдарға өтініш берудің оңай жолы

27.02.2023

Алматы облысында азық-түлік тауарларының өңірлік қорын құруға 5 млрд теңге бөлінеді

27.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа