Алматы облысында Орталық Азия нарығында бақтарға арналған темірбетон торларының жалғыз өндірушісі орналасқан. Unifruit Production – қарқынды бақ пен жүзімдіктер үшін торлы жүйелерді салуға арналған толық шешімдерді ұсынатын өндіруші компания, деп жазады kazbusiness.kz тілшісі.
Аталмыш кәсіпорын алаңды орналастыруды, жобалауды, бетон торлар мен якорьлерді өндіруді, барлық қажетті материалдармен жабдықтауды, сондай-ақ жеткізу және орнату қызметтерін орындайды.
Айта кетейік, компания Орталық Азия нарығында итальяндық технология бойынша бақтарға арналған темірбетон торларын шығаратын жалғыз өндіруші болып табылады. Сонымен қатар, Unifruit Италиядан Орталық Азиядан:
- алма,
- алмұрт,
- шие,
- шабдалы,
- өрік,
- қара өрік сорттарының көшеттерін жеткізеді.
«Тордың жоғары сапасына қол жеткізу үшін біз 1968 жылдан бері жабдықты өндіруде тәжірибесі бар Италияның ең үздік жабдықтаушысын таңдадық. Біздің компания Орталық Азиядағы осы өндіріс технологиясының эксклюзивті құқық иесі болып табылады», – деді өндіріс жөніндегі директор Бекжан Маратов.
Еске салсақ, Unifruit Алматы облысында қарқынды бақтар салу бойынша 100 гектардан астам алқапта өз жобаларын іске асырды. Бүгінде өндірісте барлығы 120-дан астам маман жұмыс істейді.
Бекжан Маратовтың хабарлауынша, жеміс-көкөніс кәсіпорындарын атмосфералық факторлардан және жәндіктер, паразиттер мен құстардың шабуылынан толық дерлік қорғауды қамтамасыз ететін барлық құралдармен жабдықтауға болады.
“Айтылған талаптарға сәйкес келетін жылыжайлар мен бау-бақша қызметтері үшін қорғаныс мантиясын орнатуға мүмкіндік беретін арнайы құрылым қажет. Бетон тіректеріне қолданылатын алдын ала кернеу технологиясы қорғаныс жүйесінің ең жақсы өнімділігіне, беріктігіне және тиімділігіне қол жеткізуге және қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – дейді директор.