Тексеріс нәтижесінде кәсіпорындар 21,7 мың жұмыскерге 5,3 млрд теңге берешек болып қалғаны анықталды. Міндетін дұрыс атқармаған басшыларға 144,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
“Жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестесі мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 5,2 млрд теңге төленді”, – деп жазылған министрліктің хабарламасында.