Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды,деп хабарлайды kazbusiness.kz. Қазақстан құрамасы велотректен Үндістанда ересектер арасындағы 43-ші орынды иеленсе,жасөспірімдер арасындағы 30-шы, параспортшылар арасындағы XII рет өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді.
Чемпионаттың алғашқы күні із кесу сайысында Қазақстан ерлер құрамасы (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) командалық жарыста қола жүлдені иеленді.
Алтын медальді Жапония құрамасы жеңіп алса, күміс жүлде Қытай еліне бұйырды. Сондай-ақ құрамында Кирилл Курдиди, Дмитрий Резанов, Сергей Пономарев бар тағы бір отандық құрама спринттен 5-орын алды.Сондай-ақ Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында екінші медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, сары құрлық додасына биыл 23 елдің үздіктері жиналды. Командалық біріншіліктің соңғы күні қазақстандық семсерлесу командасының жас өкілдері күміс медаль жеңіп алды. Тұғырдың екінші сатысына Саматова Амина, Яковлева Арина, Красикова Кристина және Лисовская Полина көтерілді.Еліміздің намысын 9 спортшы қорғап жатыр. Азия чемпионаты 26 ақпанға дейін жалғасады.