Атап айтқанда, Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының
1) тармақшасындағы кестенің 14, 15, 16, 18, 21 және 22-жолдарына өзгерістер енгізілді.
Фильтрі бар сигареттер:
– 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;
– 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;
– 2025 жылы – 15 900 теңге /1000 дана.
Сондай-ақ сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген.
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:
– 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;
– 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;
– 2025 жылы – 11 130 теңге /1000 дана.
Одан бөлек, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілді.
Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артып:
– 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне;
– 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне;
– 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне құрайды.