2024 жылдың 1 наурызынан бастап қазақстандықтар бір уақыт белдеуінде өмір сүрмек. Сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу жобасын дайындаған. Астана , Алматы , Шымкент қалаларымен қоса, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша ел аумағында 5 сағаттық белдеу қолданылады. Қазір еліміздің басым бөлігі UTC+6 уақыт аймағына бағынса, кей өңірлер ғана UTC+5 уақыт белдеуі бойынша өмір сүреді. Министрліктен бөлек, ғалымдар да UTC+5 уақыт белдеуіне өтуді қолдады. Ғалымдардың пайыдауынша UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сай емес. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындарымен қоса, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай,Жетісу,Ұлытау облыстарының тұрғындары 2024 жылдың бірінші наурызына қараған түні, сағаттарын 1 сағатқа артқа туралағаны жөн.