No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2025 жылға қарай инфлация деңгейі қандай болады?

19.10.2022
Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәжіліс отырысындағы үкімет сағатында алдағы бес жылдағы инфляция қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы.

Әлібек Қуантыров мәжілістің жалпы отырысында 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы баяндама жасады. Болжам 2021 жылы экономиканың өсуі бойынша қорытынды деректерін, халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуі мен экспорттық тауарлар бағасын ескере отырып жасалған.

“Бұл ретте халықаралық қаржы ұйымдарының  консенсус-болжамына сәйкес 2022 жылы мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 104,2 АҚШ доллары деңгейінде күтілуде. 2023 жылы әлемдік экономиканың өсуі 3%-ды құрайды. Болжам мен бюджеттік параметрлерді қалыптастырудың негізі ретінде базалық сценарий алынды. Осы сценарий бойынша мұнайдың орташа бағасын барреліне 85 $ деңгейінде қалыптасады. Жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсуі 3,9%-ды құрайды”, – деді ол.

Оның айтуынша, инфляция 2023 жылы 7,5 – 9,5 % деңгейінде, 2024 жылы – 4-5%, 2025 – 2027 жылдары 3-4% деңгейінде белгіленді.

Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2023 жылғы 4,0%-дан 2027 жылы 4,2%-ға дейін жеделдетіледі деп күтілуде. Номиналды жалпы ішкі өнім 120,7 трлн теңгеден 176,6 трлн теңгеге дейін өседі.

“Мұнай өндіру 2023 жылы 92,6 млн тоннаны құрап, 2027 жылы 99,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Ұлттық Банктің болжамы бойынша экспорт 80,9 млрд АҚШ долларынан 84,6 млрд АҚШ долларына дейін, импорт 45,7 млрд АҚШ долларынан 53,5 млрд АҚШ долларына дейін өседі”, – дейді министр.

Сондай-ақ ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтің айтуынша, Қазақстанда жылдық мәнде инфляция 17,7%-ке жеткен. Бұған азық-түлік бағасының 22,2%-ке өсуі айтарлықтай үлес қосып отыр.

“Азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорттық тауарлардың қымбаттай түсуінен және оларға сұраныстың жоғары болуынан 17%-ке дейін қарқын алды. Ақылы қызмет инфляциясы 12,3%-ті құрады. Қыркүйек айындағы сыртқы шоктарды ескерсек, осы жылдың соңына қарай инфляция біздің тамыз айындағы болжамымыздан асып түседі. Қазір іске асырылып жатқан ақша-кредит саясаты аясында 2023 жылы инфляция біртіндеп 7,5-9,5%-ке дейін баяулайды. Әлемдегі азық-түлік бағасы өсімінің баяулауы, негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияның баяулауы да инфляцияны тежейді”, – деді Пірматов.

Оның айтуынша, 2022 жылдың соңына қарай инфляция тамыз айындағы болжамнан асып түседі.

“Қазір іске асырылып жатқан ақша-кредит саясаты аясында 2023 жылы инфляция біртіндеп 7,5-9,5%-ға дейін баяулайды. Әлемдегі азық-түлік бағасы өсімінің баяулауы, негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияның баяулауы да инфляцияны тежейтін болады. Шикізат бағасы жоғары болған жерде 2022 жылы төлем балансының ағымдағы шоты профицитке ауысып, 2023 жылы профицит сақталады деп күтіледі”, – дейді Ұлттық банк төрағасы.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қайырымдылыққа деп халықты алдаған алаяқтар 2 миллиард соманы өз қалталарына иемденген

19.03.2024

«Ұлттық қор – балаларға»: Ақшаны 16 жасқа толғаннан кейін алуға бола ма?

14.06.2023

Алматы облысында жаңғақ өсірілуде

01.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа