No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

280-нен астам инвестициялық жоба қолға алынады

30.05.2023
Жаңалықтар
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Премьер-министр Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді, онда негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) және тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту барысы қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биылғы қаңтар-сәуір айларында НКИ-дің жалпы көлемі 3,8 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артық. Бұл орайда тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, көлік және қоймалау, ауыл шаруашылығы салаларының көрсеткіштері жоғары.

Қаңтар-сәуір айларында жалпы респуб­ликалық нысаналы ин­дикаторға қол жеткізілді. 20 өңір­дің 12-сі жоспарларын орынд­ады немесе асыра орындады. Олардың қатарында Түркістан (148%), Қызылорда (137%), Қарағанды (122%), Маңғыстау (122%) және Ақмола (116%) облыстары бар. Орталық мемлекеттік органдар арасында Денсаулық сақтау (167%), Оқу-ағарту (153%), Ғылым және жоғары білім (152%), Сауда және интеграция (143%), Ауыл шаруашылығы (116%), Эко­ло­гия және табиғи ресурстар (108%) министрліктері белгі­лен­ген көрсеткіштерді асыра орындады.

Премьер-министр 4 айдың қорытындысы бойынша облыстар мен орталық мемлекеттік органдардың дені НКИ бойынша көрсеткіштерді қамтамасыз еткенін, алайда 8 өңірдің нысаналы индикаторларға қол жеткізе алмағанын атап өтті. Аутсайдерлер – Ұлытау (52%), Абай (64%) және Жамбыл (65%) облыстары.

«Ұлытау және Жамбыл облыстары өткен жылы да жос­парды орындамаған. Аталған облыстардың әкімдері бұған дейін Инвестициялық штаб отыры­сында жағдайды биыл түзейміз деп уәде берген бо­латын. Бірақ, көріп отырға­нымыздай, бұл өңірлер барлық облыстың ішінде ең соңғы орындарда қалып отыр», деді Әлихан Смайылов.

Қабылданып жатқан шаралар туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев және Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов баяндама жасады.

Баяндамашыларды тыңдап болған соң, Үкімет басшысы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша инвес­ти­цияларға жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Сонымен қатар Әлихан Сма­йылов Мәдениет және спорт (62%), Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнеркәсібі (61%) министрліктерінің НКИ бойынша жұмыс қарқыны өте баяу екенін атап өтіп, IT саласындағы жобалар санын ұлғайту, сондай-ақ туризм саласына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Аталған мәселелер бойынша Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакиннің есептері тыңдалды.

Премьер-министр осы жылы Үкімет алдында НКИ деңгейін 18,5 трлн теңгеге жеткізу міндеті тұрғанын атап өтті. Осыған байланысты өңірлер мен ведомстволар кемшіліктерді ескере отырып, негізгі капиталға инвестициялар тарту жұмыстарын күшейтуі қажет.

Сонымен қатар отырыста тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі өткен жылғы жұмыс қорытындылары қаралды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, өткен жылы НКИ көрсеткіші 28 млрд долларды құраған, бұл – соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Экономиканың негізгі салаларында жалпы құны 2,3 трлн теңге болатын 199 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. 2023 жылы 1,9 трлн теңгеге тағы 281 жобаны іске қосу жоспар­ланып отыр.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша инвесторлардың үздік ондығына Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Бельгия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Франция, Ұлыбритания және Германия елдері кірді.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Үкімет алдына 2029 жылға дейін 150 млрд ­доллар ТШИ тарту міндетін қойғанын атап өтті.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Радиофобия – Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Елде сүт өнімдері бір жыл ішінде 15 пайызға қымбаттауының себебі қандай?

03.11.2022
фото: ашық дереккөз

Шымкент балабақшаларында астағы санитарлық норманың бұзылғаны анықталды

19.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа