No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

35 пайыз салымшы теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы төлеуге өтініш берген

15.11.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) төрағасы Әділ Өтембаев Алматыда өтіп жатқан “Қазақстан қаржыгерлерінің Х Конгрессі” аясында теңгелік депозиттер бойынша 10% көлеміндегі өтемақы (сыйақы) бағдарламасының жүзеге асырылуын айтты.

“Қазір біз төлемдерге өтініш беру белсенділігінің төмендігін көріп отырмыз. 2022 жылдың 11 қарашасындағы жағдай бойынша, берілген өтініштердің саны 1,8 млн адамды құрайды, бұл өтемақы алуға өтініш білдіргендердің жалпы санының 35%-нан аз”, – деді Өтембаев.

ҚДКБҚ басшысы өтемақы бағдарламасының шарттары мен мерзімдері туралы айтты:

“Биылғы жылдың 23 ақпанына дейін теңгемен депозит ашқан қазақстандық банктердің салымшылары мемлекеттен 10% көлемінде өтемақы алуға құқылы екенін еске салғым келеді. Ол үшін депозит ашылған банкке өтініш беріп, сол арқылы төлемді алуға келісіміңізді растауыңыз қажет. Бұл 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалуы керек. Сондай-ақ депозитті 2023 жылдың 24 ақпанына дейін сақтау маңызды. Сонымен қоса, өтемақы жыл ішінде депозитте болатын ең төменгі сома үшін есептелетінін атап өткім келеді”, – деді спикер.

Сөз соңында Әділ Өтембаев салымшыларды төлемдерді алу құқығын белсенді пайдалануға шақырды:

“Салымшылардың төлемге өтініш беруге бір жарым ай уақыты қалды, банкке өтініш беруді жыл соңына дейін қалдырмауды ұсынамын. Оның үстіне бұл қиын емес, көптеген қазақстандық ЕДБ бұл үдерісті онлайн түрде ұйымдастырды, депозит ашылған банктің мобильді қосымшасы болса жеткілікті. Толық ақпарат алу үшін сіз әрқашан осы банктерге хабарласа аласыз”, – деді ҚДКБҚ басшысы.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Семейдегі өрт кезінде қаза тапқандардың суреттері жарияланды

11.06.2023

Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында 153 компанияның тауарлары ұсынылады

03.10.2022

Елге $14,5 млрд тікелей инвестиция тартылды

22.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа