No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

4% автонесие алу қаншалықты тиімді?

kazbusiness.kz жеңілдетілген автонесие алу қаншалықты тиімді екенін танымал сарапшы мамандардан сұрап көрді.

14.02.2023
Жаңалықтар, Керек дерек
64
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

6 ақпан күні, жеңілдетілген автонесиенің екінші легіне 761 адамның өтініші қабылданды. Өнеркәсіпті дамыту қоры (бағдарлама операторы) алғашқы минутта autonesie.kz  сайтына 125 мың адам кіргенін хабарлады. Ресми деректерге сүйенсек, келесі жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау наурыз айында басталады және небәрі 100-ге жуық адам өтініш бере алады.

Көпшіліктің осыншалық қызығып отырған бағдарламасы қаншалықты тиімді екенін мамандардан сұрап көрдік.

Дәулет ТӨЛЕУТАЙҰЛЫ (@dauletten), экономист-блогер:

— 4% жеңілдетілген автонесиенің мөлшерлемесі салыстырмалы түрде өте аз. Себебі Ұлттық банк базалық мөлшерлемесінің өзі 17%-ға жетіп қалды. Сондықтан халыққа салыстырмалы түрде тиімді. Екінші жағынан мемлекеттік автоөндірушілер үшін тиімді. Біз Toyota сынды шетелдік көліктерге қызығамыз ғой. Бұл бағдарлама отандық өнеркәсіпті дамытуға да септігін тигізеді. Өзім көлікке қатты қызықпаймын, бірақ мүмкіндік болса алар едім.

Айбар ОЛЖАЙ, экономикалық сарапшы-журналист:

— Қазір Ұлттық Банк бекіткен базалық мөлшерлеме 16,75%, ал ресми жылдық инфляция 20,7% болғандықтан, 4% жеңілдетілген автонесие өте тиімді. Оны коммерциялық негізде беріліп жатқан жоқ. Азаматтарға жағдай жасау үшін және отандық автоөндірушілерді қолдау үшін мемлекет тарапынан субсидияландырылады. Ол екі жаққа да тиімді болып тұр. Сондықтан адамдардың осы автонесиені алуға ұмтылатыны түсінікті. Өйткені ол – арзан және басқа несиелерге қарағанда тиімдірек. Қазір өзге автонесиелердің мөлшерлемесі 20-21%-дан асып кетеді.

 

Айта кеткен жөн, былтыр Президент тапсырмасынан кейін «ӨКМ Операторы» («Оператор РОП») утилизациялық алым бойынша қызметін тоқтатып, компанияның 5 жылда алымынан жинақтаған 200 млрд теңгесі «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымына аударылған. 23 ақпан күні ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бұл қаражаттың халықтың игілігі үшін пайдаланылатынын айтты. Нақты айтқанда, бастапқы жарнасы жоқ, жылдық 4% жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы әзірленіп, оған 100 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданған.

Нәтижесінде, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2022 жылдың 16 мамырынан бастап іске аса бастады. Жалпы, бағдарламаға бөлінген 100 млрд теңге негізінде 14 мыңнан астам қарыз мақұлданып, оның ішінде 12,5 мыңнан астам жаңа көлік берілген. Автокредиттің орташа мөлшері 7,8 млн теңгені құрады. Ал 6 ақпан күні жеңілдетілген автонесиеге өтінімдердің екінші легі қабылданды. Өнеркәсіпті дамыту қоры (бағдарлама операторы) платформада өтінімдерді қабылдау 100 немесе одан да көп өтініш берушілер үшін ай сайын өткізіледі деп уәде етті.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

TikTok Қазақстанда цифрлық сауаттылық туралы науқанды бастайды

28.11.2022

Борышыңыз коллекторларға берілді: білуіңіз керек 6 жағдай

16.01.2023

Қазақстанда жарнасы 30%-дан басталатын жаңа ипотека алуға болады

10.03.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа