No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«40+» формуласын пайдалану арқылы қалай табысқа жетуге болады?

14.12.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бай болып, табыс сырын үйренгім келеді десеңіз, өз тәжірибеңізде «40+» формуласын қолданып көріңіз. Бұл формула бойынша адам бір аптада 40 сағат «өмір сүру үшін» жұмыс істейді, ал қалған 40 сағаттан тыс уақытты – табысқа жету үшін жұмсайды.

Егер сіз күнделікті 40 сағат жұмыс істейтін болсаңыз (бүгінде жұмыс аптасының орташа ұзақтығы – 35-40 сағат), онда тек өмір сүріп жүрсіз. Сол себепті ешқашан алға жылжи алмайсыз. Үлкен қаржылық табысқа жетем деген ойыңыз да құр әурешілік. Әріптестеріңіздің де сізді сыйлап, жоғары бағаламайтыны сондықтан. Аптасына тиісті қырық сағаттық жұмыспен шектелсеңіз, талантыңызды шыңдауыңыз да екіталай.

Есесіне 40 сағаттан тыс уақытты сіздің болашағыңызға салған инвестицияңыз деп есептеуге болады. Әр аптада қырық сағаттан тыс уақытыңызды қандай жұмысқа арнайтыныңызды бақылап көріңіз, сол кезде 5 жылдан кейін қайда болатыныңызды өзіңіз-ақ аса дәлдікпен болжай аласыз.

Таза өз еңбегімен ақша тауып жүрген америкалық миллионерлер аптасына 59 сағат жұмыс істейді. Көпшілігінде, бұл көрсеткіш 70 немесе 80 сағатқа жетуі мүмкін. Әсіресе кәсіпкерлік мансабының алғашқы кездерінде бұл көрсеткіштің деңгейі көп болады. Олар, орташа есеппен, аптасына 5 күн емес, алты күн еңбектенеді. Әрі олардың жұмыс күндері тым ұзақ. Егер сіз миллионермен сөйлескіңіз келсе, онда оған жұмыс уақыты басталар кезде немесе жұмыс уақыты бітер сәтте хабарласыңыз. Өзі ақша тауып, байыған миллионер, қатардағы қызметкерлер енді жұмысқа келіп жатқан кезде жұмыс үстелінің басында отырады және жұмыс уақыты бітіп, ел үйді-үйіне тарқасқан шақта да сол жерден табылады.

«Жұмыс орнында тек қана жұмыс істеңіз» деген жақсы кеңес бар. Жұмыс істеп отырып, уақытыңызды тиімсіз нәрселерге жұмсамаңыз. Таңертең кеңсеге кірген бойда жұмыс үстеліңізге отырып, алдыңызда жатқан қағаздарға үңіліп, бірден жұмыс істеуді бастап кетіңіз. Егер әріптестеріңіз сіздің ойыңызды бөліп, әңгімелесуге шақырса, кешірім өтініп: «Мені жұмыс күтіп тұр!», — деңіз.

Бұл үй шаруасымен айналысуды, достарыңа хабарласуды, әріптестеріңмен сөйлесуді немесе газет оқуды доғару керек деген сөз емес. Алайда жұмыс уақытында, міндетті түрде жұмыс істеңіз. Бүгіннен бастап фирмаңызда бәрінен де қарқынды әрі көп жұмыс істейтін адамның беделіне жету үшін алдыңызға мақсат қойыңыз. Ол өз кезегінде сізге көмек қолын созуға дайын адамдардың санын арттырады.

Авторы: Брайан Трейси, «Миллионерлердің 21 құпиясы»

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Halyk Homebank қосымшасында «Халық-Қазына» бағдарламасы іске қосылды

15.09.2022

Кәсіпкер зары. 187 млн теңгенің газқағары Шымкент әкімдігінің алдында шашылып жатыр

18.01.2023

2024 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі

13.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа