No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

5 тамыздан бастап ауыл шаруашылығы техникасы жеңілдетілген лизингке беріледі

Бағдарламаның қаржылық операторлары – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ

02.08.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы және Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесе ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске қосады.

Бағдарламаның қаржылық операторлары – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске асыру үшін 40 млрд. теңге бөлінеді, оның 30 млрд теңгесін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Жасыл Даму» (ӨКМ операторы) АҚ қаражатынан және 10 млрд теңгесін «ҚазАгроҚаржы» АҚ капитал нарығынан тартады.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның барлық филиалдарында ағымдағы жылдың 5 тамызында басталады.

Өтінімдерді қарауды, сондай-ақ отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беруді «ҚазАгроҚаржы» АҚ келесі шарттарда жүзеге асырады:

  • Лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%;
  • Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванстық төлем) – лизинг нысанасы құнының 0%;
  • Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – 1 жыл;
  • Қаржыландыру көлемі – бір лизинг алушыға 205 000 000 (екі жүз бес миллион) теңгеден және бір лизинг алушыға ауыл шаруашылығы техникасының үш бірлігінен артық емес.

Сондай-ақ, қаржыландырудың бір лизинг алушыға екі жылдық кезең ішінде бір реттен жиі емес ұсынылуы – маңызды шарт.

Бағдарламаға келесі отандық өндірістегі өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникалары қатысады:

  1. LOVOL, DEUTZ FAHR, TURAN, КИРОВЕЦ, БЕЛАРУС, RSM, YTO, CLAAS XERION, DONG FENG, WUZHENG маркалы тракторлар;
  2. ESSIL, VECTOR, ACROS, TORUM, CLAAS TRION, DEUTZ FAHR маркалы астық жинайтын комбайндар (күріш комбайндары);
  3. Сүрлем жинайтын комбайндар: жемшөп жинайтын жоғары өнімді комбайн (ЖЖК), жемшөп жинайтын өздігінен жүретін комбайн (ЖӨК).

Ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің тізіміне:

  • «АгромашХолдинг KZ» АҚ;
  • «Қостанай трактор зауыты» ЖШС;
  • «Қазақстан Агро инновациялық корпорациясы» ЖШС;
  • «СемАЗ» ЖШС;
  • «Kazrost Engineering Ltd.» ЖК;
  • «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС;
  • «KazKioti» ЖШС;
  • «МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС кіреді.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы шегіндегі қаржыландырудың револьверлік сипатта болатынын, яғни қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдердің жаңа қаржылық лизинг шарттарын жасасуға қайта жіберіледі.

Бағдарламаның өзі 20 жылға есептелген.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Тұрмыстық қалдықты да шығару қымбаттағаны ма?

13.12.2022

Оңтүстік астананың келер жылғы бюджеті 1,2 трлн теңге болып бекіді

10.12.2022

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

16.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа