No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

6 пайыздық несиеге қандай кәсіп ашуға болады?

Қазақстанда "Бизнес Бастау" жобасы аясында 6 пайызбен несие беріледі. Бұл ақшаға жаңа кәсіп ашуға, тіпті бизнестің айналымдағы қаржысын арттыруға болады. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаппай кәсіпкерлік және микроқаржыландыру департаменті басшысының орынбасары Ринат Кемешов айтты.

22.07.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
78
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

6 пайыздық несиенің сомасы 7 миллионнан басталады. Шекті көлемі – 22 миллион теңге. Оны өңірге қарай есептейді.

“Мысалы, ауылдық округтер мен аудан орталықтарында жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлерге 7 миллион теңге кредит беріледі. Қалаларда – 17 миллион, ал Шымкент, Атырау мен Ақтауда 22 миллионға дейін жеңілдетілген кредит алуға болады. Нұр-Сұлтан мен Алматы бұл жобаға кірмейді. Себебі негізгі мақсат – өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту”, – дейді Кемешов.

Кредит мерзімі – 5 жыл. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы бастама болса, 7 жылға дейін ұзартылады. Оған қоса жарты жылдан екі жылға дейін кредиттік каникул алып, қарызды кейінге қалдыруға болады.

“Жем-шөппен айналысатын шаруа қожалықтары көктемде техникасын дайындайды. Бірақ табыс таппайды. Сондықтан кредит төлеуден уақытша босатылады. Шабындық уақыты біткеннен кейін ғана төлейді. Сол сияқты мал бордақылау мен репродукция жасау кәсібі бар. Төрт түліктің санын арттыруға уақыт керек. Оларға да кредит төлеу жағынан бір-екі жыл жеңілдік жасалады “, – деп түсіндірді департамент басшысының орынбасары Sputnik Қазақстан сайтына берген сұхбатында.

Бүгінде екінші деңгейлі банктер көп жағдайда ауылдағы мүлікті кепілзатқа алмайды. Олар үшін кемінде аудан орталығы болуы қажет. Ал “Бизнес Бастау” жобасы аясында шалғай жатқан ауылдағы үйді де кепілге салып, 6 пайыздық несие алуға болады.

“Біз ауыл болсын, аудан орталығы болсын, үйлерді кепілзатқа ала береміз. Қазақстанда орналасқан кез келген жылжымайтын мүлікті кепілге салып, кредит алуға мүмкіндік бар”, – деді Кемешов.

Дегенмен кепілзат болған күннің өзінде жеңілдетілген кредит бірден берілмейді. Алдымен дайындық курсынан өту керек. Сол кезде кредит алғысы келетін адам өзінің бизнес идеясын жан-жақты сараптап, кәсіби мамандардан кеңес ала алады. Бизнес-жоспар жасайды. Соның негізінде 6 пайыздық несие рәсімделеді.

“Әлемдік статистика бойынша бизнесмендердің 90 пайызынығ кәсібі бір жылдың ішінде күйіп кетеді. Кредит алған адамдар осындай жағдайға тап болмасын деп, арнайы курстан өту міндеті енгізілді. Ол жерде адамдар қаржылық сауатын ашады, мақсатына жетудің нақты стратегиясын жасайды. Мысалы, кейбіреулер айтқан идеясын істей алмайтынын түсінеді де, кредит алудан бас тартады. Ал “иә, мен істей аламын, бәрін түсіндім” дейтіндер барып, кредит алады, кәсібін бастайды. Оқыту курсы кезінде жаңа бизнес идеяны іске асыруға бел буған адамдар да болады”, – дейді Кемешов.

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сәйкес, “Бизнес Бастаумен” кредит алатын адамдар сан алуан бизнес ашып жатады. Соның ішінде ойыншық жасау, киім тігу, музыкалық студия және тағы басқа бастамалар бар. Бір трактор немесе жүк тиегішпен табыс табамын дейтіндер келеді. Тың идеялар да аз емес.

“Мысалы, бір азамат жылан және тағы басқа құрт-құмырсқаны сатып алып, шағын зообақ ашқан. Соған балалар мен жасөспірімдерді 200-500 теңгеге кіргізеді. Бір қалада жоқ дегенде 100 мың оқушы бар ғой. Оларданбіраз ақша түседі. Ал құрт-құмырсқаның тамағына көп ақша кетпейді екен”, – дейді Кемешов.

Ондай бастамалар көп жағдайда іске асып, пайда да түсіп жатады.

“Бір кісі барабан үйірмесін ашты. Біз ән, би, домбыра үйірмесін білеміз, оған құлағымыз да үйреніп қалған. Ал барабан үйірмесі сирек кездеседі. Ол кісілер сұранысты зерттеп, несиенің ақшасына үйірме ашып алған. Ерекше балаларға арналған жобалар бар. Қосшы қаласында ән-би үйірмесі ашылды, бәрін бір жерде үйренуге жағдай жасалды. Бүгінде ән үйірмесі қаланың бір шетінде болса, би үйірмесі басқа жақта болады ғой. Ал жаңа жоба аясында бәрі бір жерде, ары-бері шапқылаудың қажеті жоқ”, – деп түйіндеді Кемешов.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметінен босатылды

16.06.2023

Елімізде 7 банк бөліп төлеуге арналған карталар шығарады

03.12.2022

Түркістанда автокөлікке арналған фильтр өндіріледі

20.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа