No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан облысында 610 миллион теңге салынған мектепке қайта жөндеу жұмыстары қажет

25.11.2022
Жаңалықтар, Айна
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Түркістан облысындағы Сайрам ауданында биыл 610 миллион теңгеге салынған мектепте оқушылар екі ай ғана оқи алды. Қазір олар мектептің бұрынғы ғимаратында оқуға мәжбүр деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі “31” арнаның хабарына сүйеніп.

«Жарық жоқ, жылу жоқ. Балалар жаңа мектепте оқи алмай қалды. Ауданның да, ауылдың да әкіміне айттық, барлық жауапты мен мектеп басшылығына мәселені талай айттық. Бірақ мәселе әлі шешілмей келеді», – деді ата-аналардың бірі Нина Марченко.

Айға жуық қаңырап тұрған жаңа мектептің жертөлесіне су толып қалған. Мұғалімдер оның деңгейін күрекпен өлшеп, журналистерге көрсетті. Толассыз жауған жауыннан су деңгейі одан сайын көтеріліп барады екен. Жертөле су толып қалғасын ғана емес, онда электр құрылғысы орнатылғасын да қауіпті болып тұр дейді жұрт. Оны мектеп ұжымы қауіпсіздік үшін өшіріп тастаған.

Қазір онда жылу да жоқ. Кабинеттер қатты суып кеткесін оқушылар ескі мектепте оқуға мәжбүр. Бірақ оның өзі құлайын деп тұр дейді ата-аналар.

«Балалар сыймағаннан кейін күз кезінде осында оқытты. Қыс басталып, жаурағаннан кейін қайтып артқа (ескі мектепке – ред.) қайтарды. Мектептер құлайын деп тұр. Мұны сарапшылар да растап, шешім шығарды», – дейді ата-аналардың бірі Досбол Әбдібай.

Журналистердің сөзіне сенсек, құлайын деп тұрған мектептің едені аршылып, тақтайлар морт сынуға шақ тұр, қабырғалары да қарс айырылған, ұзыннан түскен сызаттарға саусақ сыяды. Ұстаздар мектептің төбесін тек ескі ағаш бөренелер ұстап тұрғанын айтады. Соған қарамастан онда 500-ден астам бала үш ауысымда оқиды. Ата-аналардың айтуынша, сабақтардың кейбірі қашықтан оқуға көшірілген.

Сайрам ауданы адам әлеуетін дамыту бөлімінің басшысы Гүлнар Тәттімбаева балаларды жекеменшік мектепке жіберейік деп ұсыныс айтқан. Алайда ата-аналар бұған үзілді-кесілді қарсы. Олар мектеп дереу жөнделсін дейді.

Ал құрылыс басқармасының басшылығы жертөле суын шұғыл сорғызып, қашыртқылар орнататынын айтты.

«Ретке келтіруге болады. Бұл жерде бастысы конструкцияда ешқандай ақау жоқ. Сызат түспеген. Мектептің шатырынан су ағып тұрған жоқ», – деді Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Төлегенов.

Құрылыс сапасына мектепті салған компания бес жыл кепіл боламыз деп айтқан. Енді сол қателерді 10 күнде түзейміз деп уәде берді.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Нұрзат Бердіқан : «Нақты шешім қабылдамағанда, жеке іс бастамас едім»

08.11.2022

Кептірілген жемістерді кәсіпке айналдырған отбасы

13.12.2022

Алматы облысында азық-түлік тауарларының өңірлік қорын құруға 5 млрд теңге бөлінеді

27.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа