No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«60 мың теңгелік банкнота шықты» — Ұлттық банк жауабы

16.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Әлеуметтік желіде 60 мың теңгелік банкнот айналымға шыққаны туралы видео тараған болатын. Ұлттық банк осыған қатысты ресми мәлімет берді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.

«Әлеуметтік желіде тарап жатқан 60 мың теңге номиналындағы банкнот шыққаны туралы мәлімет шындыққа жанаспайды.

Жаңа номинал шығару үшін ел экономикасының қажеттігінен туындаған объевктивті себептер болуы керек. Қазіргі таңда ондай қажеттілік байқалып тұрған жоқ. Осылайша жаңа номинал шығару туралы жоспар жоқ.

ҚР ұлттық валютасының қолданыстағы банкноттары туралы ақпаратты Ұлттық банктің сайтынан алуға болады»,- деп жазылған Ұлттық банктің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Ұлттық банк мамандары жаңа номиналдағы банкнот шығатын болса, ол туралы мәлімет әуелі қаржы реттеушісінің тарапынан берілетінін еске салады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылатынын және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыратынын атап өтеміз.

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан шығару тәртібі туралы шешімдерді Қазақстан Ұлттық банкі қабылдайды және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады», — делінген ресми мәліметте.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматыда «Алан» спорт кешені ашылды

13.01.2023

Қазақстанның телефон коды өзгереді

16.03.2023

164 миллиард доллар: Қазақстанның сыртқы қарызының мөлшері

10.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа