No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

8 жылда сұранысқа ие болған “Өндірханның” өндірісі

05.09.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Биыл жер емген ағайынның көңілі тоқ. Ерте көктемде, жаздың алғашқы айларында жауын-шашын көп болды. Өнім мол шығып, қамбалар астыққа, базарлар көкөніске толып, шаруалардың нәсібі еселенді. Дәл осындай кәсібін дөңгелеткен шаруашылықтың бірі – Сарқан ауданы, Черкасск ауылдық округіне қарасты «Өндірхан» шаруа қожалығы, деп хабарлайды kazbusiness.kz “Жетісу” газетіне сілтеме жасап. 

Қожалықтың басшысы Серік Өндірханның жермен айналысқанына 8 жыл болды. Алғашында 2005 жылы туған жеріне оралған Серік азғантай жер алып, майбұршақ егумен айналысқан. Оның да өзіндік табысын көріп, тынбай еңбектенеді. Кейін жылыжай салып көкөніс егуді қолға алады. Кейін жұмысы алға жылжып, жер көлемін  5 гектарға ұлғайтып, мол өнім алудың жолын қарастырады.

Қожалыққа тиесілі жерге бұрыш, картоп, қырыққабат, қызанақ егіп, нарықтық бағаға шығарып, саудалайды. Соңғы жылдары бағаның күрт өсуіне байланысты, мемлекет ірілі-ұсақты шаруа-қожалықтарына мемлекеттен субсидия бөліп, бағаны тұрақтандыруға жұмыс істейді. Осы мүмкіндікті пайдаланған Серік Өндірхан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан 8 млн теңге 00,1%-бен субсидия алып, жұмысқа кірісті.

Биыл өнімі мол шығып, табысы да молая түскен. Ауданның орталық базарынан 120 шаршы метр орын алып, өнімдерін сол жерде саудалайды. Төменгі бағамен саудалау аудан халқына өте ыңғайлы. Бүгінде тұрақты төрт адамды жұмыспен қамтып отыр. Науқанда барлығы 10 адам жұмыс істейді. Айлықтары тұрақты беріліп, істеген ісіне қарай төленеді.

5 гектар жер тамшылатып суарылады. Серік Өндірханның жоспары бойынша бұрыштан – 30 тонна, қызанақтан – 20 тонна, қырыққабаттан 150 тонна, картоптан – 150 тонна өнім аламын деп жоспарлап отыр. Қазірде ерте пісетін өнімдерін сатып, жұмыс тоқтаусыз жүріп жатыр. Қырыққабат пен картоп өнімі жай піседі. Оны қысқа сақтауға арналған. Арнайы сақтайтын орын да дайын тұр.

“Болашақта жер телімін ұлғайтуды көздеп отырмын. Мемлекеттен көптеген көмек беріліп жатыр. Бұған дейін өз күшімізбен жұмысты игерген болатынбыз. Мемлекеттің қолдауы біз секілді шаруа қожалықтарына өте тиімді. Соның арқасында шаруамызды дөңгелетіп отырмыз. Ерінбеген адамға жұмыс табылады, тек еңбектену керек. Көкөністердің барлығы табиғи таза өнім, ол – денсаулыққа өте пайдалы. Сатушы да, сатып алушы да дән риза”, – деді Серік Өндірхан.

Мемлекеттен қолдау алған шаруа қожалығының өнімдері аудан тұрғындарынан артылмайды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Kaspi тағы да үздік банк атанды

29.06.2023

Қазақстандық кәсіпкерлер 1 трлн теңге несиесін өтемеген

13.09.2022

ІІМ таратқан SMS хабарлама халықты шошытты

14.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа