No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

8 жылға бас бостандығынан айырылды: Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот үкімі шықты

20.06.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness, Әлеумет
63
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгін Астана қаласында Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыйбайластарына үкім шығарылдыды. Сот шешімі бойынша Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.

Елордада өткен сот отырысында Арыстанбек Мұхамедиұлы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы сенiп тапсырылған қаражатты аса iрi мөлшерде ұрлау, оларды иемденiп алу немесе жымқыруды ұйымдастырғаны үшiн кінәлі деп танылған.

“Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын”, – деді судья Бағлан Ыдырысов.

Одан бөлек, судья Мұхамедиұлын “Құрмет” және “Парасат” ордендерінен, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атақтарынан айыру туралы ұсынысты президентке енгізу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Мұхамедиұлына өмір бойына мемлекетік қызметте, соттарда, ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуге тыйым салынды.

Ал оның сыйбайластары деп танылған күдіктілерге төмендегідей үкім шығарылды:

  • Алмаз Нұразханға Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша айып тағылған. Оған мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
  • Азамат Көшенов Қылмыстық кодекстің 28-бабы 2-тармағы 5-бөлігі, 189-бөлігі 4-бөлігі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылады және мемлекеттік сатып алумен айналысуына тыйым салынады.
  • Айым Сәдуақасоваға Қылмыстық кодекстің 28-бап, 5-бап және 189-бап 4-бап 2-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалады.
  • “Экспонат” ЖШС бухгалтері үй қамақта болды. Оны сот залында дереу қамауға алуға шешім шығарылды. Ал оның кәмелет жасқа толмаған баласын туыстарының асырауына немесе арнайы мекеменің қарауына беріледі.
Судья мәдениет және спорт министрлігінің арызын да ішінара қанағаттандырды. Сотталғандар 43 миллион 829 мың теңге көлеміндегі материалдық шығын төлеп беруге міндеттелді. Сондай-ақ, әрбіреуі мемлекеттік бажды (328 718 теңге) және процессуалдық шығынды (855 343 теңге) өтеп, зардап шеккендер қорына 69 мыңнан жіберуі тиіс.

Мұхамедиұлының адвокаты аппеляцияға шағым түсіретінін мәлімдеді. Қорғаушы тарап Жоғарғы сотқа дейін барамыз дейді.

Тергеу материалдарына сүйенсек, сотталушылар 221 млн теңге жымқырған.

Еске салсақ, Мұхамедиұлы мен оның сыйбайластарына “Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі” халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ “Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу” және “Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру” жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген болатын.

Байланысты Материалдар

Эксклюзивті |Ол «ERAS» турнирі жабылды.Қазір бұл 1 миллиард доллардан асады.- WSJ

22.05.2025

Қор биржасы Бүгінгі: Dow Futures Слип – Тікелей жаңартулар – WSJ

21.05.2025

Үй депосы қоңырау алдында пайда есеп береді.Міне, не күту керек – CNBC

21.05.2025

Moody’s АҚШ-тың АҚШ-тың Downlations-тен кейін аз өзгерді – ABC News

21.05.2025

U.S. Болат қоры жақсы ниппон ұсынысы туралы есеп бойынша көтеріледі.Неліктен Трамп «иә» деп айта алар еді (Баррон)

21.05.2025

Laguardia әуежайында жабу FAA және NTSB тергеулеріне шақырады – CNN

21.05.2025

Ұсынылатын материалдар

5 тамыздан бастап ауыл шаруашылығы техникасы жеңілдетілген лизингке беріледі

02.08.2022

Түркістан облысының ауылында тұрғындарының ауызсусыз отырғанына 7 жыл болды

01.12.2022

Ұлттық қордан 18 жасқа толатын балаларға $160 төленеді

12.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа