No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

85 мыңнан астам адам салық декларациясын тапсырмады

12.09.2022
Жаңалықтар, Kazbusiness
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жалпыға бірдей декларациялау аясында декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына төрт күн қалды, деп хабарлайды kazbusiness.kz

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сүйенсек, әлі 85 мыңнан астам адам салық декларациясын тапсырмаған, ал мерзімінің аяқталуына небәрі төрт күн қалды.

Кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде электронды түрде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет.

Осы жылы декларация тапсыру бойынша міндеттеме келесі санаттарға тиесілі:

– жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

– мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

– мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

– “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”, “Сақтандыру қызметі туралы”, “Бағалы қағаздар нарығы туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар.

2021 жылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы  декларациясын (250.00-нысан) ұсынған адамдар 2022 жылы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуға тиіс. Бұл міндеттеме мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғаларға және декларация тапсыруға міндетті азаматтар санатынан шыққан тұлғаларға да қатысты.

Егер салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе, онда салық органдары алғашында ескертумен шектеледі. Ескерту берілгеннен кейін бір жыл ішінде жеке тұлға тарапынан қайталап бұзушылық орын алса, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыды, ол бүгінгі күні 45 945 теңгені құрайды.

Байланысты Материалдар

Есеп айырысулар Инвесторлардың мета-директоры Марк Цукербергке және компанияның басқа да жетекшілеріне қатысты сотқа қатысты

19.07.2025

Lucid қоры Robotaxi-мен көтеріліп, Uber-пен, Nuro-Watch осы негізгі деңгейлер – Investopedia

19.07.2025

Пентагонның Қытайдың стиліндегі сирек кездесетін жерлер

19.07.2025

Фьючерстің фьючерстері табысы, экономикалық мәліметтер S & P 500 Жазуларға дейін жоғары деңгейлі: Тікелей жаңартулар – CNBC

19.07.2025

Ықтимал рельсті біріктіру Беркширдің Хэтишвайға CSX – Барронға өтінім беруі мүмкін

19.07.2025

АҚШ Genius актісінен өтеді, алғашқы ірі ұлттық крипто заңдары – BBC

19.07.2025

Ұсынылатын материалдар

“44 адам эвакуацияланды”: БҚО-да өрт өршіп тұр

11.07.2023

Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы артып келеді

31.10.2022

Ауыл шаруашылығы министрі: “Базардағы ет бағасына мен жауап бермеймін”

09.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа