No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Африкалық азамат елімізде баламасы жоқ ерекше көкөніс өсірумен айналысады

02.07.2023
Жаңалықтар
фото: Stan.kz

фото: Stan.kz

13
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кулибали Тидьгу бес жылдан бері Алматының маңында батат өсіру жұмыстарына қызу кіріскен. Қазақстанда бұл ерекше көкөніс танымал емес екеніне көз жеткізген соң, оны арнайы Африкадан алдыртқан, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Кулибали Тидьгу өзін Джон мырза ден таныстырады. Себебі жергілікті халық үшін аты тым қиын. Ол Малиден келген, Қазақстанда тұрып жатқанына 20 жылдан асқан. Ол Қазақстанда жиі кездесе бермейтін жеміс – батат өсірумен айналысады. Бұл жеміс туралы біреу білсе, біреу білмес.

Батат бұл – тәтті дәмі бар тамырлы көкөніс. Оның түйнектері де өсімдіктің жеуге жарамды тамыры болып саналады.

Джон мырза агроном болған соң әрі өз отаны Малиде бұл жеміс өте танымал болғандықтан, Алматыда оны өсіру қиындық тудырмаған. Дегенмен бес жылда еңбегінің жемісін енді көре бастағандай.

Бұл жер менің үйіме айналды

Сөзінше, Қазақстан оның отанына айналған. Осында ол отбасылы болып, жаңа өмір бастаған.

“Бәрі 1987 жылы басталды. Бұл Кеңес  Одағының кезі еді ғой. Мен Малиде лицейде оқып жүрдім де, КСРО-да оқуға грант ұтып алдым. Бастапқыда мені Ташкентке жіберді. Бірақ ол жақта орын болмай қалған көрінеді. Осылай Қазақстаннан бір-ақ шықтым.

Атымды айтуға қиын болғандықтан, адамдар, әдетте, мені Джон, Женя, Қалдыбай деп те атап жатады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бұрын бір топта оқыған жолдастарға сәлем айтқым келеді. Қазақстанда олар өте көп. 1993 жылғы түлектер, мені танитындар болса. Бәріне сәлем, мен осындамын! Бұл жер менің үйіме айналды”, –дейді ол ашылып.

Сол уақытта Африка елдерінде көптеген студентті ауысым бағдарламасымен Франция, КСРО-ға жіберіп тұрған екен.

“Мен КСРО-да оқуды таңдадым. Малиде туыстарым қалды. Әкем мен анам қайтыс болып кетті. Бауырларым, аға-әпкелерім балаларымен елде тұрады. Әрине, жақындарым үшін менің шетелге оқуға кетіп бара жатқаным үлкен қуаныш болды.

Малиге ара-тұра барып тұрамын. 3-4 жылда бір рет, ақша барда барып келемін. Ол жаққа жету қиын емес, Франция арқылы 14 сағаттай уақыт кетеді”, – дейді ол.

Отанының ерекшеліктері туралы Джон мырзадан сұрадық.

“Мали мақта өсіруден алдыңғы қатарда, Африка бойынша алтын өндірісінен 2-орында тұр, одан бөлек, биыл ол жақта газ табылды. Мали – табиғи ресурстарға бай ел”, – дейді ол.

Сөзінше, Малиде Қазақстанға әкеліп өсіруге болатын көкөніс пен жеміс жетерлік.

фото: Stan.kz

Картопқа қарағанда әлдеқайда пайдалы

Бұл түр-сипаты картопқа ұқсас жеміс өзіндік ерекшеліктерге ие. Оның дәмі пісірілу тәсілдеріне байланысты әртүрлі көкөніске ұқсауы мүмкін.

Кулибалидің сөзінше, оны ботқаға қосады, одан қою сорпа дайындайды, езілген картоп, суфле жасауға да болады.

“Батат – өте пайдалы өнім, мұны Қазақстанда білмейтіндер көп. Сондықтан осы көкөністің қандай, не екенін көрсетейін деп өсіріп жатырмын. Оның пайдасы туралы интернетте ақпарат көп. Батат, басқа да дақылдар өсіру кәсібім ғана емес, хоббиіме айналған. Қазақстандағы адамдар оның пайдасы туралы білсе екен деймін. Онымен қоса, батат картопқа қарағанда әлдеқайда пайдалырақ.

Менің жиендерім Малиден бататтың түйнектерін жіберген. Бұл бес жыл бұрын болатын. Осылайша көкөністі  көбейтіп алдым. Бататтың сұрыптары көп емес. Осында отырғызуға дельвю сұрпын таңдап алдым. Ол Жаңа Орлеаннан келген деп жатады. Белвю түйнектері жұмсақ, әдемі келеді. Бұл сұрып өте жемісті әрі дәмді”, – дейді ол.

Алдағы уақытта ол бұл қызығушылығын табыс көзіне айналдыруды көздейді.

“Уақыт өте келе адамдар оның пайдасын түсінеді деп ойлаймын. Мұны бизнес ретінде дамытатын уақыт келетін шығар. Қазір табыс жоқ, бұл хобби ретінде дамып келеді. Арасында түйнектерді сатып алып жатқандар бар, осылай өздері отырғызғысы келеді”, – дейді ол.

фото: Stan.kz

Үлкен үрмебұршақ – тағы бір баламасы жоқ өнім

Джон мырза өсіретін тағы бір өнім – Қазақстанда баламасы жоқ үрмебұршақ түрі.

“Көк үрмебұршақ ерекше, өте үлкен. Ұрықтары 3 сантиметрге дейін барады. Қазақстанда мұны да өсіргім келеді. Себебі біздің елде бұл өнім мүлде жоқ. Мұны тамаққа, әсіресе сорпаға қосып жеуге болады.

Адамдарға қажет екенін сезген кезде жеке бизнесімді дамытып, жұмысшыларды аламын. Егер мүмкіндік болса, тұрақты клиенттерге көтермелеп сатар едім. Интернетте бататты келісіне 2800 теңгеге сатып жатқанын байқап қалдым. Оларды Қытайдан алып келеді екен”, – дейді ол.

Батат қалай өсіріледі?

Біз Джон мырзаға мамырдың соңында бардық.  Бататты күннің ыстық уағында отырғызады екен. Ал тамыздың соңына қарай жинап алады.

“Осы жылы өнім жақсы шықса, сатамын деп жоспарлап отырмын. Осы бес жыл бойы ақырын-ақырын өсіріп жүрдім. Бірінші жыл бес талы ғана шықты. Осы жылы едәуір көбейіп отыр. Жәндіктердің өзі бататқа қауіп төндіреді. Осы жылы жарты тонна батат шығады деп күтілуде. Оның жақсы өсуіне топырақ жақсы болса, су болса болды. Сондай-ақ бұл – экологиялық таза өнім, себебі мен бұған ешқандай химиялық заттар қоспаймын.

Осында келгенде бұл елді бірден ұнаттым. 1987-88-жылдары алғашында ҚазҰУ-да тілді оқыдым, одан соң 1993 жылы аграрлық университетте бес жыл білім алдым. Инженер-агроном маманы болдым. Тоғыз ай бойы орыс тілін үйрендім. Қатты қиын болған жоқ. Дегенмен бастапқы күндері қиналдым, одан кейін үйреніп кеттім, себебі барымды салдым.

Малиде бататты бәрі жейді, картоп сияқты кең таралған. Отбасым білгендіктен, оны мен де өсіре алдым”, – дейді.

Мали мен Қазақстан: ұқсастықтар

Тидьгу қазақтар мен малиліктер арасында ұқсастықтар бар екенін де тілге тиек етті.

“Қазақстанға Ташкенттен келген кезде, осы жер маған жақын екенін түсіндім. Малидегі көптеген дәстүрлер қазақтардікіне ұқсас. Той жасаудағы ғұрыптар, туысқандарға жақын болу бізде де бар”, – дейді ол.

Малиде пайдалы саналатын өнімдер көп дейді сұхбат берушіміз. Алайда олар біздің ауа температурасында өсіруге қолайсыз, себебі 8 айға дейін күн ыстық болатын жерді қажет етеді.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

68,2 мыңнан астам адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысқан

15.02.2023

Мәслихаттарға бөлшек салықты екі есе төмендету ұсынылды

17.05.2023

Қаржыны жоспарлауға арналған үш қадам

12.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа