No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Актер Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

28.07.2023
Жаңалықтар
Фото: instagram.com/azamatc

Фото: instagram.com/azamatc

94
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Белгілі актер Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» АҚ президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінде хабарланғандай, киностудия ұжымына жаңа басшыны Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды. Министр «Қазақфильм» киностудиясының жұмысын үйлестіру абыройлы әрі жауапты міндет екенін айтты.

«Отандық киноөнерінің «қара шаңырағы» саналатын Қазақфильм ауқымды және күрделі өндірістік ұйым. Былтыр киностудия жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. Мемлекет басшысының киностудия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында 87 техникалық жабдық сатып алынды. Алдағы уақытта, модернизацияның 2 кезеңін бастау керек»,- деді Асхат Оралов.

Асхат Оралов министрлік 2030 жылға қарай жалпы кинопрокаттағы отандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35% – ға дейін ұлғайтуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл ретте прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесін 30%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Министр киностудияның жаңа басшысы мен ұжымына сәттілік тілеп, табысты жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Азамат Сатыбалды ұзақ уақыт М.Әуэзов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті, Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын 3 жыл бойы басқарды. Бүгінгі күнге дейін, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарып келген.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Психолог қаржы пирадамасына қандай адамдар алданатынын айтты

16.12.2022

Құжат алған кезде саусақ іздерін тапсыру қалай жүзеге асады?

15.04.2023

Бизнеске бизнестен көмек: зардап шеккен бизнесті қолдау қоры шот ашты

05.09.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа