No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Alibaba-ны 70 бизнес өкілі тегін қолдана алады: Gold Supplier 1 жылға беріледі

01.04.2023
Жаңалықтар
140
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

QazTrade вебинарында кәсіпкерлер экспортты қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу туралы айтып, халықаралық Alibaba.com онлайн-сауда алаңында жұмыс тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Семинар-тренинг барысында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев қазақстандық компанияларды әлемге әйгілі маркетплейске шығару жөніндегі бағдарламаның оң нәтижелерін атап өтті.

«Бүгінде Alibaba.com сауда алаңында 7,5 мыңнан астам қазақстандық тауар орналастырылған. Отандық компаниялардың жиынтық сату көлемі 2020 жылдан 2022 жылға дейін шамамен 260 млн долларды құрады. Онлайн-платформаға қатысушы кәсіпорындар ай сайын тауарларға 500-ге жуық сұраныс алады. Мемлекеттік қолдау құралы жаңа нарықтарды ашу, отандық өнімдердің танымалдылығын арттыру және шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайту тұрғысынан өзінің тиімділігін көрсетті», – деді вице-министр.

Қазақстандық компанияларды халықаралық маркетплейске шығару жөніндегі бағдарламаның операторы QazTrade ҚР Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп жұмыс жасайды.

Биылғы жылы 70 шағын және орта бизнес өз өнімдерін сауда платформасында ұсына алады және бір жылдық мерзімге Gold Supplier (Алтын жеткізуші) мәртебесін тегін ала алады.

Beef EXPORT GROUP ЖШС өкілі Роман Брусенцовтың айтуынша, халықаралық маркетплейс әлемнің әртүрлі нүктелерінен қатысушылар құруға мүмкіндік береді.

«Каталогты орналастыру барысында біз Қытайдан, Ресейден, Өзбекстаннан, ЕО елдерінен, Африкадан, Австралиядан 1 мыңға жуық сұраныс алдық. Біздің министрліктер арасында келісімдер болмағандықтан, біз қазіргі уақытта өнімді әр елге жеткізе алмайтынымыз анық. Бірақ менің ойымша, мұның бәрі перспективада. Тек Қытайдан шекараны ашқан кезде бізбен жұмыс істеуге дайын 100-ге жуық байланыс орнаттық. Өзбекстаннан келген кәсіпкерлермен танысып, олармен екі үлкен келісімшарт жасастық. Осы келісімшарттар шеңберінде Ташкентке өнім жеткізуді пысықтаймыз», – деп қазақстандық компанияларды Alibaba.com-ға шығару жөніндегі бағдарламаға қатысу тәжірибесімен бөлісті Роман Бруснецов.

Отандық кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 1,5 мың бас ірі қара малдан асады. 2022 жылы BEEF EXPORT GROUP бірден екі мемлекеттік бағдарламаның қатысушысы болды, бірі – экспорттық акселерация және екіншісі – Alibaba.com-ға шығару бойынша бағдарлама.

Сауда платформасы арқылы серіктестерді іздеудің ерекшеліктері туралы вебинар спикері, «Tek Tau» ЖШС өкілі Виктория Сидельникова айтып берді. Компания бал және ара шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады, 2022 жылы экспортты мемлекеттік қолдау бағдарламасының қатысушысы болды.

«Бір жыл бұрын біз платформаға тіркеліп, «Алтын аккаунт» алдық. Бізге 500-ге жуық өтінім келіп түсті, жауап беруге уақыт болмады. Негізінен сұраныстар Қытайдан болды, Африка елдерінен ұсыныстар келді. Нәтижесінде бір негізгі келісімшарт жасалды. Қазір біз Қытайдан бізді тапқан тағы бір сатып алушымен бал жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз, ол бізді  Alibaba.com арқылы тапқан және біздің өндіріске ескертусіз келді. Маркетплейсте жұмыс істеу барысында көптеген спамдар келеді, тек өзіңізге сәйкес келетін келісімшарттарды мұқият таңдау керек», – деді Виктория Сидельникова.

«QazTrade» АҚ-ы Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева атап өткендей, Alibaba.com жұмысындағы табысының кепілі белсенділік болып табылады.

«Онлайн сауда алаңы кез келген әлеуметтік желі сияқты жұмыс істейді. Егер сіз белсенді болсаңыз, сұраныстарға үнемі жауап берсеңіз, онда табысқа кепілдік беріледі», – деп қорытындылады вебинар модераторы және ол қазақстандық бал 2020 жылдан бастап маркетплейстің халықаралық серіктестері сұраныстарының басында тұрғанын айтты.

Қазір бағдарламаға қатысу үшін компанияларды іріктеу жүріп жатыр. Кәсіпкерлерге сыйақы-аккаунттарын төлеуден басқа тексеру рәсімінен өтуге және сауда алаңында шағын сайттар құруға жәрдемдеседі, консультациялық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, сарапшылар бизнес өкілдеріне Alibaba.com-ның жұмысы және тауарларды жылжыту туралы онлайн-тренингтер өткізеді.

Бүгінгі таңда халықаралық B2B сауда алаңында бизнестің барлық сегменттері ұсынылған. «PDO Group» ЖШС-ның Бас директоры Борис Нейманның айтуынша, «азық-түлік, сусындар» және «ауыл шаруашылығы» санатындағы өнімдер сұранысқа ие тауарлар арасында жетекші орын алады.

«Бұл бүкіл әлемдегі тұтыну тенденцияларының өзгергенін анық көрсетеді. Пандемияға дейін киім мен электроника бірінші орында болды», – деді ол.

Ең танымал 10 өнімге сұлулық пен денсаулыққа арналған өнімдер, киім, электроника және т.б. кіреді.

Мемлекеттік қолдау бағдарламасы туралы толығырақ вебинар жазбасын мына сілтеме арқылы білуге болады: https://www.youtube.com/watch?v=uW1WIr1uI74

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

27.08.2022

Президент жаңа салық саясатын ұсынды: ірі кәсіпорындарға салық артады

29.03.2023

Қазақстанда әлеуметтік жауапкершілік бизнес үшін маңызды бағытқа айналуда

21.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа