No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алимент төлеуден қашқандар өзін «банкрот» деп жариялай алмайды

Қаржы министрлігі “банкрот" деп танылған адамдардың болашақта мемлекеттік қызметте жұмыс істей алатынын айтады. Тіптен депутат боламын десе де шектеу қойылмайды. Ал мамандардың сөзінше, "мемлекет кешіреді екен" деп кредит ала беруге болмайды. Сонымен қатар алимент төлеуден қашқандар өзін “банкрот” деп жариялай алмайды. 

02.12.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қаржы министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес азамат берешегін төлей алмайтындығын растай алған жағдайда ғана банкроттық жарияланады. Оны дәлелдеу үшін жауапты мекемелерден оннан астам құжат жинап өткізу керек. Егер банкроттықты қолдан жасаса, әкімшілік тіпті, қылмыстық жаза да қарастырылған. Сондай-ақ несиесін төлей алмай өзін банкрот деп жарияланған адам лауазымды қызметтерді де атқара береді. Тек жеке тұлғаның несие тарихы бұзылады.

“Кейбір елдерде депутат та бола алмайды. Біз оларды зерттедік. Бірақ олардың ережелерін қоспадық. Бізде мұндай азаматтар депутат та бола алады. Бұл нормаларға адамның құқығын қатты шектейтін нормаларды қоспадық. Жеке куәлігінде не паспортында банкрот болды деген статус болмайды”, – деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.  

Бүгінде өзін-өзі банкрот деп жариялайтындардың саны шамамен 1,5 миллионға жетеді. Заң жобасы қабылданған срң банк, микроқаржы ұйымдар мен коллекторлық агенттікке өтіп кеткен қарыз ғана кешіріледі. Ал экономистердің сөзінше, нарықтағы 15-ке жуық банк соңғы кезде тек осындай микронесие беруге дайын. Одан ел экономикасы дамымайды. Керісінше қаржы ұйымдары төмендетілген пайызбен ірі өндіріс ашуға макро кредиттер берсе, зауыттар ашылып экономика ілгерілейді.

“Қазір банктер киім, тұрмыстық техника сататын, ішіктер сатуға кетіп қалды. Бұл дегеніміз халықтың киінуге қаражаты жоқтығының көрсеткіші. Банктерді жаман үйретіп жатырмыз. Банк қорықпай береді, ертең Қазақстан азаматы қайтара алмайтын болса, Үкімет оны кешіреді. Мұның тоқтауы болуы керек. Егер жүйелі түрде мұның тоқтамы болмаса, біз халқымызды жоспар құруға баули алмаймыз”, – деді экономист Рашит Жақсылықов. 

Алимент төлеуден жалтарғандар өздерін банкрот санатына жатқыза алмайды. Бұл жерде «жұмыстан шығып қалдым, табыс көзім жоқ» деген уәж қабылданбайды. Сондай-ақ бөтеннің денсаулығы мен өміріне зиян тигізгеніңіз үшін өтемақы төлеу мойныңызға ілінсе, одан да құтылмайсыз.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматы базарындағы өрттен төрт кәсіпкер зардап шекті

12.11.2022

Жетісу облысында тауарлардың 94% — ы таңбалау тәртібі бойынша сәйкес келмейтіні анықталды

01.02.2023

Freedom компаниясы Оралда ботаникалық бақ пен спорт кешенін салатын болды

25.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа