No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында әйелдерді  тігін және кондитерлік іске тегін оқыта бастады

30.06.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Талдықорған мен Ұзынағашта әйелдерді тігін ісі мен кондитерлік өнімдер өндірісі бойынша оқыту басталды. Оқу Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының (ӘКДО) бастамасымен жүргізіледі.

Облыс орталығында тігін ісі бойынша 25 әйел және Жамбыл ауданында кондитерлік өндіріс бойынша 26 әйел оқытуға қатысуда. Курстарға жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, көп балалы әйелдер, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан әйелдер білім алып жатыр.

 «Облысымызда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағыты белсенді дамып келеді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында әйелдерге сервистік және ақпараттық қызметтер қолжетімді. Өткен жылдың қараша айында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды, онда кеңестер мен жобаларды сүйемелдеу түрінде қолдау көрсетіледі. Бүгінгі оқыту ӘКДО-ға өтініш білдірген әйелдердің ұсыныстары ескеріле отырып ұйымдастырылған. Тегін айлық курс тәмамдалған соң сіздер маман ретінде өз кәсіптеріңізді ашуға немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндіктеріңіз бар», – деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Сәния Наурызбаева.

Талдықорғанда оқыту «Didakt.kz» ЖШС оқу орталығында ұйымдастырылған. Тыңдаушыларға ұстаз бен өндірістік оқыту шебері білім береді. Болашақ тігіншілер киімдерді үлгілеуді, құрастыруды, тігін жабдықтарының негіздерін, тігу технологиясын, материалтану және басқа да маңызды дағдыларды үйренеді.

Талдықорған қаласының тұрғыны Роза Сыртанов тігін ісіне оқып жатыр. Декреттегі ана жаңа мамандық алып, өз ісін ашуды жоспарлап отыр.

«Бірнеше күннің ішінде көптеген негізгі дағдыны меңгердік. Қазір модельдеуді үйренудеміз. Оқудың арқасында тігін технологиясын, қандай материалдар керектігін түсініп келемін. Оқытуды ұйымдастырған ӘКДО алғысым шексіз», – деді Роза Сыртанова.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қараша айынан бастап ҚР барлық өңірлерінде ӘКДО ашыла бастады. Бастаманы Азия Даму Банкі және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы қаржыландырады және оны «Атамекен» ҚР ҰКП жүзеге асырады.

Алматы облысында ӘКДО 2021 жылдың қараша айында ашылған және әйелдерді қаржылық емес қолдау алаңы, іскер жандардың стартаптарын ынталандыру үшін бірқатар қызметтер көрсетіледі. Сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен іс-шараларға қатыса алады. Орталық әйелдерге кеңес беріп, жобаларын сүйемелдейді.

ӘКДО кеңесшісі Мәдина Бөрібаеваның айтуынша, 8 айдың ішінде орталыққа кәсіпкерлік бастамасы бар 416 кәсіпкер әйел жүгінген. Әйелдердің көпшілігі жаңа білім мен біліктілік алу үшін оқу өткізуді ұсынған. Бұған дейін әйелдер үшін өндірістік кооператив, СММ, әлеуметтік кәсіпкерлік құру бойынша оқыту ұйымдастырылды, сондай-ақ курстар тұрақты негізде республикалық деңгейде онлайн және оффлайн форматтарда жүргізіледі.

ӘКДО мен Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен Көксу, Ақсу аудандары мен Текелі қаласында киім-кешек пен ұлттық бұйымдар шығаратын тігін цехтары іске қосылады. Жобаларды ӘКДО менторы Светлана Оңғарбаева сүйемелдейді. 100-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Онда негізінен көп балалы әйелдер, ерекше қажеттіліктері бар әйелдер және жас қыздар жұмыс істейтін болады.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Арыстанбек Мұхамедиұлының ұлы сот залында шу шығарды

20.06.2023

Қазақстан алдағы жеті жылда 150 млрд доллар инвестиция тартады

24.12.2022

МИФ: “Тамақпен қатар су ішу азқазанға зиян”

22.05.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа