Алматы облысында өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 716 млрд теңгені құрап, , 6,2%-ға ұлғайды. Өңірдегі өнеркәсіп саласының ең көп үлесі, нақтыласақ, 90%-ы өңдеу секторына тиесілі.
Алматы облысының алты айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне сүйенсек, тамақ өнімдерінің өндірісі 9,6%-ға, сусындар – 3,7%-ға, темекі өнімдері – 15,2%-ға, қағаз және қағаз өнімдері – 22,2%-ға, фармацевтика – 35,1%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдары – 9,2%-ға ұлғайған.
Дегенмен, өңірде жеңіл өнеркәсіп өндірісі 10,6%-ға төмендеген.
Өндірістегі өсім Райымбек ауданында 41,8%-ға төмендеген, нәтижесінде жылдық жоспар небәрі 2121%-ға орындалған жайы бар.
Жалпы, салада 9 жаңа өндіріс іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 4 өндіріс кеңейтілді, қосымша 352 жұмыс орны құрылды. Алайда, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар және Ұйғыр аудандарында бір де бір өнеркәсіп нысаны іске қосылмады
Бүгінгі күні, облыста индустрияландыру Картасы аясында 56,2 млрд.теңгеге 657 жұмыс орнын құрумен 3 жоба іске асырылуда, оның ішінде Іле ауданында қуаты жылына 80 кг Доре алтын-күміс қорытпасын өндіретін «Аметист» гидрометаллургиялық цехы іске қосылды.
Жыл соңына дейін өнеркәсіп өндірісінің көлемін 2,3% өсіммен 1,4 трлн. теңгеге жеткізу, ал өңдеу өнеркәсібінің экспортын 451,5 млн. АҚШ долларына жеткізу көзделген.